|
|
|
"Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын ақпараттандыру" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын ақпараттандыру" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі: бағдарламаның негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерiне сәйкес олардың кеңейтiлген нұсқаларын бiр ай мерзiмде әзiрлеп бекiтетiн болсын. 1994 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттiң ғылымды қаржыландыру үшiн көздеген қаражаты есебiнен бағдарламаны мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. 3. Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің "1991-1995 жылдарға және 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған Қазақ КСР-iн ақпараттандыру бағдарламасы туралы" 1991 жылғы 13 тамыздағы № 474 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |