|
|
|
«Қазақстан-Қиыр Шығыс» Сауда Үйiнiң мәселелерi»
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Россияның Қиыр Шығыс облыстарымен, Тынық мұхит аймағы елдерiмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға Қазақстан Республикасының мүдделiлiгiн ескере отырып, сондай-ақ қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдардың сауда-экономикалық қызметiн үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Қазақстан-Қиыр Шығыс" Сауда Үйiне аталған аймақтарда өзiн-өзi қаржыландыру арқылы Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң мынадай мiндеттерiн орындауға рұқсат етiлсiн: нарық талдауларын жүргiзу, Россиядан және басқа елдерден қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн әрiптестер iздестiру, өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында олардың әлеуметтiк мүмкiндiктерiн зерделеу, Қазақстан Республикасынан жөнелтiлетiн жүктердiң Тынық Мұхит жағалауы порттары арқылы, оның iшiнде Хабаровск қаласындағы өзен портынан "өзен-теңiз" үлгiсiндегi кемелермен өтуiн қамтамасыз ету, қазақстандық фирмалар мен ұйымдарға кешендi қызмет көрсету. 2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі "Қазақстан-Қиыр Шығыс" Сауда Үйiне жүктелген қызметтердi орындауда көмек көрсететiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |