|
|
|
Табиғи ортаның жайын бақылайтын станциялардың мәртебесi жөніндегі ереженi бекіту туралы (2005.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 524 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Табиғи ортаның жайын бақылайтын станциялардың мәртебесi жөніндегі Ереже бекітілсiн. 2. ҚР Үкіметінің 2005.01.07. № 675 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 10 қаңтардағы № 38 қаулысымен бекітілген
Табиғи ортаның жайын бақылайтын станциялардың мәртебесi жөніндегі ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.01.07. № 675 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Табиғи ортаның жайын бақылайтын станциялар Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының (бұдан әрi - Қазгидромет) шұғыл-өндiрiстiк ұйымы болып табылады, ол гидрометеорологиялық бақылауды және ауаның, топырақ қабатының, судың ластану деңгейiн өлшеудi жүзеге асырады. 2. Бақылау станциялары негiзгi (тiректi) және арнаулы болып бөлiнедi. Негiзгi (тiректi) станциялар табиғи ортаның жайы туралы толықтай, дәлме-дәл және дер уақыт пен кеңестiк шешiмiнде тұрақты ақпарат алуға қызмет етедi. Олардың iс-әрекетiнiң ұзақтығы жекелеген аумақты, су объектiлерiн т.с.с. режимiн зерттеу дәрежесiмен, сондай-ақ ақпаратты болжау органдарына және шаруашылық қызметi жүйесіндегі ұйымдарға шұғыл берумен анықталады. Арнаулы бағыттағы бақылау станциялары гидрометеорологиялық режимнiң (iрi су қоймалары, мелиорациялық аймақ, iрi қалалар т.с.с.) өзiндiк ерекшелiктерiн зерттеуге, iрi шаруашылық объектiлерiн (жылу және атом электростанциялары, темір жол, тау-кен кәсiпорындары) деректермен қамтуға, жобалау шешiмдерi мен басқа да мақсаттарды негiздеуге, сондай-ақ ауа райын болжау қызметi органдарының арнайы сұранысын қанағаттандыруға бағытталған Арнаулы станциялар қызметiнiң ұзақтығы алға қойған мiндетiмен айқындалады, мiндет орындалған жағдайда олардың жабылуы мүмкiн. 3. Негiзгi станциялардың құрамынан реперлiк климаттық (РКС) станциялар, сондай-ақ климат пен гидрологиялық режимнiң ғасырлық тенденция өзгерiстерiн анықтауға қажеттi үздiксiз бiртектi гидрометеорологиялық мәлiмет алуға қолданылатын теңiз жағалаулары және гидрометеорологиялық бақылаудың ғасырлық жүйесiнiң сағалық станциялары бөлiнедi. Реперлiк станциялар ортаның өзгерiстерiне қарамастан кесiмсiз мерзiмге жұмыс iстейдi. Реперлiк климаттық, теңiз жағалаулары мен сағалық станциялардың тiзбесiн Казгидромет бекiтедi. ҚР Үкіметінің 2005.01.07. № 675 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Бақылау станциялары өз қызметiнде Қазгидромет жасап, бекiткен өтiнiштердi, басшылықтар мен нұсқауларды және осы Ереженi басшылыққа алады.
5. Топырақтың, жер қабаты бетiнiң, ауыл шаруашылық дақылдарының жай-күйiне, атмосфераның, құрлықтағы судың және теңiздiң, олардың ластану деңгейiне тұрақты бақылау жүргiзедi. 6. Атқарушы өкiмет пен мемлекеттік басқару органдарын табиғи ортаның ластану деңгейi туралы гидрометеорологиялық ақпараттармен және мәлiметтермен қамтамасыз ету.
7. Төмендегi бақылау түрлерiн жүргiзу: жер үстi метеорологиялық; актинометриялық және жылулық теңгермелiк; гидрологиялық; аэрологиялық; теңiздiк гидрометеорологиялық; агрометеорологиялық; атмосфераның, құрлықтағы судың, теңiз суының, топырақтың және қар жамылғысының ластану деңгейiне; метеорологиялық радиолокациялық; атмосферадағы электрлiкке; озонометрлiк; радиометрлiк; табиғи ортаның фондық мониторингiне; сел қаупiне; қар көшкiнi қаупiне; тосын гидрометеорологиялық құбылыстарды бақылауға. 8. Бақылау қорытындыларын алғашқы өңдеуден өткізу, қажеттi жағдайда кестелiк материалдар құрау, бақылау қорытындыларын машинаға өңдеуге әзiрлеу. 9. Шұғыл ақпараттарды бақылау мәлiметтерiмен, оның iшiнде тосын (аса қауiптi) гидрометеорологиялық құбылыстарды жеткізу. 10. Бақылау станциясының уәкiлi тосын гидрометеорологиялық құбылыстар ықпал еткен аудан аумағын тексеру жөніндегі комиссия жұмысына қатысады. 4. Бақылау станцияларын ұйымдастыру және қызметiн қамтамасыз ету
11. Бақылау станцияларын орналастыру - Қазақстан аумағындағы гидрометеорологиялық режимдi, табиғи ортаның ластану деңгейiн жан-жақты зерттеудi жүргiзудi, сондай-ақ Казгидрометке жүктелген барлық мiндеттердi толық орындауды қамтамасыз ету есебiмен жүзеге асырылады. 12. Бақылау станциялары жұмысын ұйымдастыру, оның желiлерiн дамыту мен ұтымды ету мыналарды: бақылаудағы гидрометеорологиялық шама мен құбылыстың өзгеру дәрежесiн, табиғи ортаның ластануының геофизикалық сипаттамасы мен деңгейiн; шаруашылық қызметiне қызмет көрсету үшiн қажеттi бақыланатын шама өлшемдерiнiң дер кездiлiгi мен дәлме-дәлдiгiн; аталған аудан бойынша табиғи орта жәй-күйiнiң осы және басқа сипаттамаларының нақты және қажеттi мәлiметтерiн; экономикалық тиiмдiлiктi; белгiлi бiр әкiмшiлiк пунктiнде аз мөлшердегi желiлiк, мүмкiндiгiнше барынша жоғары деңгейдегi әкiмшiлiк орталығында (облыстық, аудандық) бақылау ұйымдарын құра отырып; жұмысты кешендi ұйымдастыруды (бiр станцияда бiрнеше бақылау түрлерiнiң көп санын жүргiзу қарастырылуы керек); тұрғын ел пунктiнен шалғай, меңгерiлмеген аудандарда бақылау станцияларын ұйымдастыруға тек қажеттi гидрометеорологиялық ақпарат алуға өзге мүмкiндiк болмаған кезде ғана жол берiлетiнiн ескере отырып жүзеге асырылады. 13. Бақылау станцияларын орналастыру үшiн Казгидрометке көшiруге жатпайтын аталған станцияға берiлетiн техникалық талаптарды ескере отырып жер учаскелерi берiледi. 14. Бақылау станцияларының қай түрi болмасын орналасқан жердiң айналасында жер учаскесi түріндегі (су кеңiстiгi), осы станция аумағы шекарасынан жан-жағы 200 метрдi қамтитын тұйық сызықты қорғаныш желісі белгiленедi. 15. Бақылау станцияларының қорғаныш желісіне уақытша пайдалануға берiлген су қорының жерлерi мына талаптарды сақтай отырып пайдаланылады. Реперлiк климаттық, теңiз жағалауы мен гидрометеорологиялық бақылаудың ғасырлық жүйесiнiң сағалық станцияларының тiзбесiне енетiн бақылау станциялары қорғаныш желісінде мыналарға тыйым салынады; қандай да үй және құрылыс салуға; суландыру және құрғату жүйесiн салуға; қазба, құрылыс, монтаж, жарылыс жұмыстарын және топырақ қабатын жоспарлауды жүргiзуге; ағаш отырғызуға, тыңайтқыш қоймасына, қоқысқа айналдыруға, қышқылдық қоспаларын, тұз бен сiлтiнi төгуге; автомобиль, су көлiктерiнiң, тракторлар мен басқа да машиналар мен механизмдердiң тұрағына айналдыруға; пристаньдар мен айлақтар салуға; танымдық белгiлер мен ескерту белгiлерiн, бақылау-өлшеу пункттерiн ауыстыруға, бүлдiруге, сындыруға; зәкiр тастауға, зәкiрдi сүйретуге, шынжыр, лоталармен, тiркелермен және торлармен жүруге, тереңдегi және жер бетіндегі жұмыстарды жүргiзуге; балық кәсiпшiлiгi учаскесiне беруге, балық аулауға, сондай-ақ су жануарлары мен өсiмдiктер өсiруге. Реперлiк климаттық, теңiз жағалаулары мен гидрометеорологиялық бақылаудың ғасырлық жүйесiнiң станциялары тiзбесiне енбейтiн бақылау станцияларының қорғаныштық аймақтарындағы жоғарыда аталған жұмыстар Казгидрометтiң келісімi бойынша жүзеге асырылады. 16. Бақылау станциялары бар жер учаскелерi, сондай-ақ осындай станциялардың қорғаныштық аймағы шегіндегі жер учаскелерi мемлекеттік және қоғамдық мұқтаж үшiн тек ерекше жағдайда белгiленген тәртiппен алынуы мүмкiн. Мұндай жағдайда аталмыш станцияның жаңа жерге орын ауыстыруы (олардың үйлерi, құрылыс, басқа да объектiлерi) жер учаскелерiн алушы кәсiпорындар, ұйымдар немесе мекемелер күшiмен және қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |