|
|
|
«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 маусымдағы ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiн құрылымдық қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 маусымдағы № 813 қаулысының 9-тармағын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiн құрылымдық қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 маусымдағы № 813 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 20, 234-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерту енгiзiлсiн: 9-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi және оның аумақтық органдары өзiнiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Бас прокуратурасына, Әдiлет министрлігіне және олардың жергiлiктi жерлердегi органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен Мемлекеттік тергеу комитетiнiң қозғалған қылмыстық iстер жөнiнде сұрау салуы бойынша статистикалық және талдау ақпараттарын тегiн бередi"; 8, 9, 11-тармақтар 1, 2, 3-тармақтар болып саналсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |