| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Ауыл шаруашылығы үшiн материалдық-техникалық ресурстарды берушiлерге борыштарды iшiнара өтеу туралы (1997.21.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінiң 1997.21.01. № 88 Қаулысымен кіріспе өзгертілді Ауыл шаруашылығы ұйымдары бойынша Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігінiң, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігінiң, «Селхозмаш» және «Қазагрореммаш» акционерлік компанияларының, «Кең дала», «Өнiм», «Трактор» (Ақтөбе қаласы) акционерлік қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдарынан алынған, оларға 1996 жылы берiлген мұнай өнiмдерi, электр және жылу энергиясы, техника мен босалқы бөлшектер өсiмдiк қорғау құралдары үшiн пайда болған берешектердi, сондай-ақ 1994-1996 жылдары мемлекеттік ресурстардан берiлген астық қарыздарын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ҚР Үкіметінiң 1997.21.01. № 88 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі, «Сельхозмаш», «Қазагрореммаш» акционерлік компаниялары, «Кең дала», «Өнiм», «Трактор» (Ақтөбе қаласы) акционерлік қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдары және Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясының 1084 млн. (бiр миллиард сексен төрт миллион) теңге мөлшерiнде 1996 жылға арналған Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қаржылық қолдау қоры үшiн көзделген, пайдаланылмаған қаражаттардың шегiнде республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешектерi бар ұйымдарының арасындағы берешектерге есептеме жүргiзсiн. Көрсетiлген сома ауыл шаруашылығы ұйымдарының 1996 жылы алынған мұнай өнiмдерi, электр және жылу энергиясы, техника мен босалқы бөлшектер өсiмдiк қорғау құралдары үшiн берешектерiн, сондай-ақ мемлекеттік қорлардан берiлген астық қарызы бойынша берешектердi жабудың есебiне есептелсiн. ҚР Үкіметінiң 1997.21.01. № 88 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі, «Сельхозмаш», «Қазагрореммаш» акционерлік компаниялары, «Кең дала», «Өнiм», «Трактор» (Ақтөбе қаласы) акционерлік қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдарымен, Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясы және әкiмшiлiктiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi мақсатты шараларға Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қаржылық қолдау қорынан есепке қабылданатын қаражаттардың мөлшерiн айқындау мақсатында 1997 жылдың 13 қаңтарына дейiн 1996 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң мұнай өнiмдерiн, электр және жылу энергиясын, техникалар мен босалқы бөлшектердi өсiмдiк қорғау құралдары берушi ұйымдарға берешектерiне, сондай-ақ берушi ұйымдардың Жер қойнауын қорғау және минералдық ресурстарды өндiру қорына төлемдер бойынша, заңды тұлғалардан табыс салығы, қосылған құн мен көрсетiлген (ренталық) төлемдерге, сондай-ақ акциздер бойынша, салық бойынша берешектерiне салыстыру жүргiзудi қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігімен, «Сельхозмаш», «Қазагрореммаш» акционерлік компанияларымен, «Кең дала», «Өнiм», «Трактор» (Ақтөбе қаласы) акционерлік қоғамдары және ауыл шаруашылығы химиясы ұйымдарымен және Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша салыстырудың материалдарын бекіту үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |