|
|
|
Қаржы бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1. Қызылорда облысының әкіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан Қызылорда қаласындағы өрт зардаптарын жою мен 6-ЖЭО-ны қалпына келтiру үшiн 10 (он) миллион теңге бөлiнсiн. Аварияны жоюға жетпей тұрған сома жергiлiктi бюджет, сондай-ақ мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен жабылсын. 2. Қызылорда облысының әкімі 1997 жылдың бiрiншi тоқсанының нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiне орындалған жұмыстың көлемi мен құны туралы баяндасын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi бөлiнетiн қаражаттың қатаң мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсiн. Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |