"ТұранӘлем Банкi" жабық акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесiнiң
құрамы туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі
1997 жылғы 27 тамыздағы № 290
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "ТұранӘлем Банкi" жабық акционерлік қоғамына:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң төрағасы Б.Ш.Тәжияқовты Байқаушы кеңестiң құрамынан шығаруға;
"ТұранӘлем Банкi" жабық акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесiнiң құрамына - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрiнiң орынбасары (вице-Министр) Қ.Қ.Дәмитовты төраға ретiнде енгiзуге;
"ТұранӘлем Банкi" жабық акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесiнiң мәжілісiн айына кемiнде екi рет өткiзуге және iстелген жұмыстар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беруге тапсырма берсiн.
Премьер-Министрi