|
|
|
«Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом компаниясының кейбір мәселелерi
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi заңда белгiленген тәртiппен "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесiнiң мына құрамын бекiтсiн: Оразбаев Б.Е. - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда Вице-министрi, төраға Андрющенко А.И. - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары Жантикин Т.М. - Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiнiң директоры Ыдырысов Е.Ә. - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер вице-министрi Мәсiмов К.К. - Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi Басқармасының төрағасы Раханов М.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң директоры Шаяхметов Б.М. - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясының президентi 2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1148 қаулысының 6-тармағы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1148 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 25 шiлдедегi № 1179 қаулысы. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |