|
|
|
Қазақстан Республикасында зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 сәуірдегі № 347 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң тәртібі туралы Ереже бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қазандағы № 1286 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасында зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
1. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму тәртібі, сондай-ақ зиянды заттарды жинау, оларды жер қойнауына көмуге дайындық және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму кезіндегі талап етiлетiн құжаттар тiзбесi осы Ережемен белгiленедi. 2. Зиянды заттарды жер қойнауына көмудi қоршаған ортаның жер бетiнде және ашық жерлерде жатқан, қолдануға және қайта өңдеуге жарамайтын улы химикаттардан, сiлтiлерден, қышқылдардан, пайдалануға тыйым салынған өнiмдер мен материалдардан ластануын алдын-ала сақтандыруға бағытталған уақытша әрекет деп қарау керек. Болашақта көмiлген зиянды заттар мен пайдаланылған ағын сулар қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн технологияларды қолдана отырып пайдаға асыруға немесе жойылуға жатады. 3. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму үшiн тиiстi түрде жабдықталған табиғи жер асты қуыстары, кен шығарылған жерлер, скважиналар мен арнайы салынған қоймалар пайдаланылады. 4. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмуге рұқсатты Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі бередi. ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. № 578 қаулысымен. 5. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмуге рұқсат алу үшiн жер қойнауын пайдаланушы төмендегiдей құжаттарды тапсыруы тиiс: зиянды заттарды және (немесе) пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмуге тапсырыс; жер қойнауына көмуге жататын зиянды заттардың және (немесе) пайдаланылған ағын судың сипаттамасы; зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму үшiн жер асты ғимараттарын салуға және пайдалануға беруге арналған лицензияның көшiрмесi; осы жер ғимараттарын жергiлiктi тұрғындар мен қызметкерлер үшiн қауiпсiздiгi туралы тиiстi органдарының қорытындысы; облыстық табиғатты қорғау мекемесiнiң қорытындысы. 6. Тапсырыс қоса берiлетiн құжаттарды көрсете отырып, мекеменiң фирмалық бланкiсiнде жасалады. 7. Жер қойнауына көмуге жататын зиянды заттар мен пайдаланылған ағын су туралы сипаттама мынадай мәлiметтерден: өнiмнiң (материалдың) атауынан; нәтижесiнде зат пайда болатын технологиялық өндiрiс немесе процесс туралы мағлұматтан; заттың жеке сипаттамасы (өрт жарғыш қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтау кезiнде басқа заттармен қосылуы және басқа); зиянды заттардың және пайдаланылған ағын судың жылдық көлемiнiң пайда болуы, пайдалану, зиянсыздандыру және сақтау; пайдалануға және зиянсыздандыруға қолданылатын технологиялар туралы қысқаша мәлiметтерден; зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жинау, тасымалдау және сақтау жүйесiнiң сипаттамасынан; зиянды заттардың және пайдаланылған ағын судың толық химиялық құрамы мен қауiптiлiк сыныбын көрсететiн уландырғыш компоненттерiнiң мазмұнынан тұрады. 8. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысында зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму кезiнде санитарлық гигиена ережесін сақтау туралы және жергiлiктi тұрғындарға, қызметкерлерге олардың зиянсыздығы туралы мәлiметтер болуы керек. 9. Кен қадағалау органдарының қорытындысында зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму үшiн жер асты ғимараттарының, құралдар мен қолданылатын жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс. 10. Табиғат қорғау жөніндегі облыстық органның қорытындысында зиянды заттарды және (немесе) пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму шарттарының экологиялық қауiпсiздiгiн растауы керек. 11. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму жөніндегі тапсырыс материалдары толық көлемде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне берiледi және бұл құжаттар тапсырылған сәттен бастап екi ай мерзiм iшiнде қаралуға тиiс. Осы кезеңде рұқсат берiлуге немесе дәлелдi бас тартылуға тиiс. ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. № 578 қаулысымен. 12. Рұқсатты ұзарту үшiн қажеттi материалдар Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, алдында берiлген рұқсаттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн тапсырылады. ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. № 578 қаулысымен. 13. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму үшiн жер асты ғимараттарын салу жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлдiк берiлген органдарында сараптаудан өтуi керек. 14. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмуге байланысты жер асты ғимараттарын жобалауға инженерлiк-гидрогеологиялық зерттеулер кешенiнiң негiзiнде көмiлетiн зиянды заттар мен пайдаланған ағын судың белгiлi бiр шекарадан әрi жайылмау мүмкiндiгi туралы және олардың жер қойнауының көршiлес учаскелерiне және жерасты суларына қосылуын болғызбау кепiлдiгiн қамтамасыз ету жөніндегі алынған анық геологиялық мәлiметтер болғанда ғана жол берiледi. 15. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды көму кезiнде олардың белгiлi бiр шекарадан әрi жайылмау мүмкiндiгi туралы және жер қойнауының көршiлес учаскелерiне тарамау кепiлдiгiн қамтамасыз ету жөніндегі анық геологиялық деректердiң болуы туралы мәлiметтер жер қойнауын пайдалану лицензиясында көрсетiледi. 16. Жер қойнауын пайдаланушылар зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмуге арналған жер асты ғимараттарын салу және пайдалануға беру кезiнде: халықтың өмiрi мен денсаулығын қорғауды; табиғи ландшафттарды, жарамсыз болған жерлердi қайта өңдеу және өзге де геоморфологиялық құрылымдарды сақтауды; жер қойнауының жоғары қабаттарының энергетикалық жағдайының қасиетiн жер сiлкiнiсiн, көшкiнiн, су басуды, жер астындағы судың тасуын болдырмау мақсатында сақтауды қамтамасыз етуге тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |