| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорынан қаражат бөлу Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесiнде кезек күттiрмейтiн өмiрлiк маңызы бар шараларды жүргiзу және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Ерекшелiк ретiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiне пайдаланылған электр энергиясы үшiн ақы төлеу жөніндегі берешектi өтеу үшiн 250 (екi жүз елу) млн. теңге бөлiнсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық департаментi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |