|
|
|
Қазақстан Республикасының 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 Жарлығын және «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 ақпандағы № 119 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерiн жетiлдiру бағдарламасы бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі стандарттау (ISO), заңдық метрология (IOML) жөніндегі халықаралық ұйымдарға және Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі кеңеске (МСК) ағымдағы 1998 жыл үшiн мүшелiк жарна мен өткен жылдар үшiн берешектердi төлеу мәселесiн шешсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қазандағы № 991 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерiн жетiлдiру БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Кiрiспе
Мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерiн жетiлдiру бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл жоспарын iске асыру жөніндегі шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 ақпандағы № 119 қаулысына (1.1.2-тармақ) сәйкес әзiрлендi. Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстанда қазақстандық өнiмдердiң дүниежүзiлiк рыноктың талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз ететiн стандарттар жүйесiн құруға және сертификатталған тауарлардың экспортын арттыруға бағытталған. Қазiргi уақытта республикада стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік жүйесiнiң негiзi құрылды. 1993 жылы оны дамытуға стандарттау және сертификаттау жүйелерiнiң негiзгi ережелерiн, стандарттау және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзудiң тәртібін реттейтiн мемлекеттік стандарттардың кешенi әзiрленген және енгiзiлген, стандарттау және сертификаттау жөніндегі органдар белгiленген "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Сонымен қатар бiздiң алдымызда республикада Қазақстанның экономикасын реформаландырудың белсендi процесi жүрiп жатқандықтан мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйесiн дамытуды және жетілдіруді талап ететін жаңа міндеттер тұр. Өндірісті тиімді дамыту және бәсекелестiк қабілеттi өнiмдердi шығаруды арттыру мақсатында шетелдiк инвестициялар тартылуда, Қазақстанның Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына (ДСО) кiруi мәселесi шешiлуде, республиканың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құру жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде және Қазақстанның құжаттарды әзiрлеу, ақпараттарды алу және тарату мәселелерiнде халықаралық еңбектi бөлуге қатысуының нысандары айқындалуда. Үкiмет 1998-2000 жылдарға арналған өзiнiң iс-қимыл жоспарының шеңберiнде негiзгi басымдықтар мен қоғамды және экономиканың салаларын дамытудың ұлттық қауiпсiздiк аясын белгiледi және үстiмiздегi жылдан бастап ел Президенттiң "Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы" атты Қазақстан халқына Жолдауын өмiрге енгізуге кiрiстi. Қойылған мәселелердi шешу олардың басымдықтарын, нысандарын және әдiстерiн өзгерту жолымен стандарттау және сертификаттау жүйелерiнiң заңдық негiздерiн дамытуға жаңа дәстүрлi емес қадамдарды, сондай-ақ мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттау жүйелерiн дамыту мен қолдануды, халықаралық стандарттарды тiкелей қолдануды талап етедi. 2. Мақсаттар
Бағдарламаның негiзгi мақсаты: отандық өнiмнiң дүниежүзiлiк рыноктағы бәсекелестiк қабілетiн және танылуын қамтамасыз ету; өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығы, азаматтардың мүлкi, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; басқа елдермен сауда-экономикалық қатынастардың процесiнде тауарлар (өнiмдер) мен қызмет көрсетулердiң қозғалысындағы техникалық кедергiлердi жою; Қазақстан рыногын сапасы нашар және қауiптi тауарлардың өндiрiлуi және енуiнен қорғау болып табылады. 3. 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерiн жетiлдiру бағытының басымдықтары
Бағдарлама бағыттарының негiзгi басымдықтары: Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен мемлекеттік стандарттау жүйесi стандарттарының кешенiн Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының (ДСО) және халықаралық нормалар мен ережелердiң талаптарына сәйкес әзiрлеу және жетiлдiру; халықаралық, аймақтық және дүниежүзiнiң өнеркәсiптiк дамыған елдерiнiң ұлттық стандарттарын қолдану; өнiмдер мен қызмет көрсетулерге арналған ұлттық стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестiру; каталогтау, фирмалық стандарттау және штрихтiк кодтау жүйелерiн құру және енгізу; сертификаттау мен аккредиттеудiң ұлттық жүйелерiн халықаралық талаптарға сәйкес жетiлдiру; техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттарды жiктеу мен кодтаудың халықаралық жүйесiне көшу; Қазақстан Республикасы стандарттарының мемлекеттік қорын қалыптастыру және дамыту; Қазақстанда Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнiң (ГАТТ/ДСҰ) талаптарына жауап беретiн Ақпарат орталығын құру; стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастық болып табылады. 1. Стандарттау жүйесiнiң қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк базасын жетiлдiру. Iстiң жай-күйi. Қазiргi уақытта республикада жүйенiң жалпы ережелерiн, мемлекеттік стандарттарды, кәсiпорындардың стандарттарын және техникалық шарттарды әзiрлеудiң, келiсудiң, бекітудiң және тiркеудiң тәртібін, сондай-ақ оларды құрудың, мазмұнының және берiлуiнiң тәртібін қоса алғанда стандарттаудың мемлекеттiң жүйесiнiң негiздерi; техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттарды (ТЭӘА) жiктеу мен кодтау және штрихтiк кодтау, өнiмдi өндiрiске қою жүйелерiнiң негiздерi; халықаралық және шет елдердiң ұлттық стандарттарын қолданудың негiздерi белгiлендi; сонымен қатар, қазiргi уақытта бiр мемлекеттік стандарттау жүйесiнiң заң және нормативтiк негiзi экономика салаларындағы жаңа мiндеттерге, республиканың Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына (ДСҰ) кiруiне және өркениеттi нарықтық қатынастарға көшуге байланысты оны одан әрi жетiлдiрудi, халықаралық талаптармен үйлестiрудi талап етедi. Мақсат. Саудадағы техникалық кедергiлердi алу және отандық өнiмдердiң дүниежүзiлiк рынокта танылуы. Негiзгi шаралар стандарттау саласындағы қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк базаларды одан әрi дамыту мен жетiлдiрудi, сондай-ақ мемлекеттік стандарттау жүйесiнiң ережелерiн ДСҰ-ның талаптарына, халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес келтiру мақсатында "Техникалық кедергiлер мен сәйкестiктi бағалау туралы" Заңның жобасын әзiрлеудi көздеуi тиiс. Жұмыстарды жүргiзу кезiнде: Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда Ұйымына (ДСҰ) кiруiн қамтамасыз ететiн талаптар мен ережелер, мүдделi мемлекеттер үшiн жүйенiң ашықтығы және онда белгiленген талаптардың айқындығы; "стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттар" және "техникалық регламенттер" мәртебесi бар отандық және республикада қолданылатын стандарттар мен құжаттардың санаттары және оларға жатқызудың өлшемдерi; экономиканың салаларында қолданылатын оларды нормативтiк қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды Мемлекеттік бағдарламалар мен ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарларына кiргiзу мәселелерi; өнiмнiң әртүрлi түрлерiне арналған құжаттардағы экологиялық нормалаудың нысандары мен ережелерi; стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргiзу кезiнде мемлекеттік тiлдiң қолданылуы саласында мемлекеттік саясатты iске асырудың тәсiлдерi; Қазақстанның рыногын сапасы нашар және адамдардың өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн әлеуеттi қауiптi өнiмдердiң өндiрiлуi мен енуiнен қорғаудың мүмкiн болатын тетiктерi; халықаралық, аймақтық және дүниежүзіндегі өнеркәсiптiк дамыған елдердiң ұлттық техникалық регламенттерiн қолданудың және нормативтiк құжаттарды енгізудiң тәртібі; салаларда шешiлетiн мiндеттерге қарай жоспарлаудың өлшемдерiн белгiлей отырып стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлауда жаңа (бағдарламалық) қадамдарды пайдалану; заңды тұлғалардың стандарттау жөніндегі жұмыстың нысандарын жетiлдiрудегi iс-қимыл еркiндiгi; республикада әзiрленетiн және қолданылатын нормативтiк құжаттарды өнiмдердiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгi үшiн республикадағы мемлекеттік қадағалау органдарымен келiсудiң нақты тәртібі; нормативтiк құжаттарды беруге және шетелдiк әрiптестермен өнiмдердi беруге арналған шарттарды/келісім-шарттарды ресiмдеуге қадамдар; денсаулық сақтау саласында стандарттар жүйесiн құру мәселесi; республикада каталогтандыру және фирмалық стандарттау жүйелерiн жүргiзу; стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң қызметiн жетiлдiру және жұмыс нысандарын өзгерту мәселелерi; Мемстандарт жүйелерi мамандарының қатысуымен, тәуелсiз халықаралық ұйымдардың сарапшыларын-аудиторларын және Тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiнен оқытушыларды тарта отырып экономика салаларында кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйелерiн жетiлдiрудiң тәртібі, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан республиканың барлық техникалық оқу орындарында стандарттау мәселелерiн зерделеу белгiленуi, көзделуi және ескерiлуi тиiс. Стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi бойынша оқу бағдарламасы, сабақ беру тақырыптары және практикалық сабақтар өткізу Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiмен келісілдi. 2. Халықаралық, аймақтық және дүниежүзiнiң өнеркәсiптiк дамыған елдерiнiң ұлттық стандарттарын қолдану. Iстiң жай-күйi. Республикада қолданылып жүрген халықаралық және шет елдердiң ұлттық стандарттарын енгізу рәсiмiн реттейтiн стандарттау жөніндегі ереже (ҚР ЕР 50.1.21.96) халықаралық практикада техникалық регламенттерге жатқызылған құжаттардың басқа түрлерi мен санаттарын, сондай-ақ салалық стандарттарды, кәсiпорындардың стандарттарын және техникалық шарттарды қолдануды көздемейтiн болғандықтан аталған проблеманы толық көлемде шешпейдi. Мақсат. Ұлттық стандарттар мен нормаларды әзiрлеуге арналған ақталмаған шығындарды жою, барлық мүмкiн болатын санаттар мен құжаттар түрлерiнiң мемлекеттік стандартта қолданылуы рәсiмiн бiрдейлендiру. Негiзгi шаралар. Мына мәселелердi: "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістерде көзделгендердiң қатарынан қолданылуға жататын құжаттардың түрлерi мен санаттарын айқындауды; үш шарттың: ұлттық стандарттарды әзiрлеудiң, құжаттардың бiрдей мәтiндерiн есептi тiркеудi немесе көрсетiлген рәсiмдердi орындамастан өнiмдер шығарудың бiреуiн орындау талап етiлетiн шарттарды белгiлей отырып нормативтiк құжаттарды қолдануға "тiкелей", "жанама" деген ұғымдарды енгізудi шешудi реттейтiн мемлекеттік стандартты дайындау. Нормативтiк құжаттарды қолдану мәселелерi калько ұстаушының (әзiрлеушiнiң) тапсырысшыға лицензиялау (шарт немесе келісім-шарт) жөніндегі құжаттарды беруiнiң мүмкiн болатын талаптарына байланысты екендiгiне орай стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарды берудiң тәртібі бойынша ұсынымдар әзiрлеу мәселесiн шешу қоса талап етiледi. 3. Өнiмдер мен қызмет көрсетулерге арналған ұлттық стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестiру. Iстiң жай-күйi. Қазақстанның халықаралық деңгейге кiруiне және Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiру жөніндегі дайындық жұмыстарына байланысты отандық стандарттарды халықаралық, аймақтық және дүниежүзiнiң өнеркәсiптiк дамыған елдердiң, оның iшiнде ТМД елдерiнiң ұлттық стандарттарының талаптарына үйлестiру жөніндегі жұмыстарды жүргiзу қажет. Бұл жұмыстарды орындау отандық стандарттардың талаптарын халықаралық стандарттармен барынша жақындастыруға; тауарлар мен қызмет көрсетулердiң дүниежүзiлiк рыногындағы стандарттардың техникалық деңгейiн арттыруға, отандық өнiмдi бәсекелестiк қабiлеттi қылуға, тауарлар алмасу кезіндегі техникалық кедергiлердi алуға, шет елде өз өнiмiн өткізу рыногы үшiн белсендi және ұтымды күресуге мүмкiндiк бередi. Мақсат. Өнiмдердiң сапасы мен бәсекелестiк қабілетiн арттыру, отандық өнiмдердiң тауарлар мен қызмет көрсетулердiң халықаралық рыногында танылуы. Негiзгi шаралар. Мемлекеттік стандарттау жүйесiн нарықтық экономикалы елдер үшiн тән осындай жүйелермен үйлестiру мақсатында: стандарттаудың басымдықтарын терминдер мен айқындамаларды, дүниежүзiнде сенiм мен өзара түсiнiстіктi қамтамасыз ету үшiн қажет деп танылатын стандарттау және сертификаттау объектiлерiнiң сапасын сынаудың, бағалаудың үлгiлерi мен әдiстерiн таңдаудың тәртібін реттейтiн стандарттар әзiрлеуге қарай ауыстыру; халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң стандарттарды әзiрлеуiн жүзеге асыру, ол үшiн республикада осы бөлiмшелердi қалпына келтiру және құру жөнiнде одан әрi жұмыстар жүргiзiлетiн болады; республика экономикасының салаларында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға талдау жүргiзу және оларды халықаралық талаптармен, бiрiншi кезекте кейiннен оларды әзiрлеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік стандарттаудың жоспарына кiргiзу арқылы өнiмдердiң негiзгi экспортталатын түрлерiне, үйлестiру жөнiнде ұсыныстар дайындау; халықаралық, аймақтық және дүниежүзiнiң өнеркәсiптiк дамыған елдерiнiң ұлттық стандарттарын қолдану жоспарланады. 4. Каталогтау және фирмалық стандарттау жүйелерiн құру. Iстiң жай-күйi. Қазiргi уақытта аталған жүйелердi әзiрлеу жүргiзiлген жоқ. Мақсат. Республикада және аймақта өндiрiлетiн өнiмдер; оның тұтынушылық ерекшелiгi мен оны дайындаушылар; сертификаттау; нормативтiк құжаттарды қолдану туралы ақпараттарды жинау және мемлекеттік органдар мен тұтынушыларға жеткізу. Шығарылатын өнiмдердiң автоматтандырылған есебiн қамтамасыз ету, тапсырысшылардың өнiмдердi дайындаушылармен өзара байланыстарын қамтамасыз ету. Өнiмдердiң сапасын арттыру және дизайнын жақсарту. Негiзгi шаралар. Қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн стандарттар мен жүйенiң негiзгi ережелерiн реттейтiн нормативтiк құжаттардың кешенiн әзiрлеудi жүргiзу, есеп алу мен каталогтау жүйесiн жүргiзудiң және каталогтық парақтарды толтырудың тәртібін белгiлеу, каталогтық парақтардың бланкiлерiн әзiрлеу және бекіту, "Қазақстан өнiмдерi" деректерiнiң базасын құру қажет. Нормативтiк және техникалық құжаттардың, өнiмдердi шығаруға байланысты каталогтау жүйесiне кiруi тиiс ақпараттардың түрлерi мен санаттарын белгiлеу. Фирмалық стандарттау жүйесiн енгізу негiзгi ережелердi әзiрлеудi қоспағанда кәсiпорындардың фирмалық стандарттарын құру, олардың мазмұны және берiлуi жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеудi көздеуi тиiс. ТМД елдерiнен Ресей ғана фирмалық стандарттау жүйесiн енгiзгендiгiн ескере отырып, кәсiпорындардың берiлетiн өнiмдерге стандарттарын әзiрлеу және қолдану жолымен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестiң қарауына ТМД елдерiнiң өнiмдердi беру кезiнде басқа құжаттармен (оның iшiнде стандарттармен және техникалық шарттармен) қатар құжаттың осы санаттарын тануы мәселесi енгiзiлдi. 5. Сертификаттау жүйесiн жетiлдiру. Iстiң жай-күйi. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сертификаттау жүйесiнiң шеңберiнде аккредиттеу жеке бөлiнiп көрсетiлмеген. Қолданылып жүрген стандарттарда өнiмдер мен қызмет көрсетулердi сертификаттау органдарына, лабораторияларына және орталықтарына талаптар белгiленген. Дүниежүзiлiк практикада тiркеу жүйесi дербес жүйе ретiнде жұмыс iстейтiндiгi ескерiле отырып, республикада сертификаттау жүйесiнiң негiзiн салатын стандарттарда түбiрлi өзгерістер жүргiзiлуi тиiс. Тәуелсiз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерiн қоспағанда дүниежүзiлiк қоғамдастықта сертификаттау жөніндегі республикада жүргiзiлген жұмыстардың нәтижелерi мойындалмайды. Республиканың экономиканың басымдықты салаларының өнiмдерiн (оның iшiнде мұнайды, астықты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн, түстi және қымбат металдарды және т.б.) алыс шет елге сату кезіндегі үлкен экономикалық шығындары осындай жағдайдың салдары. Тiркеу жүйесiнiң болмауы себептерiнiң бiрi дүниежүзiлiк қоғамдастық мойындауға тиiс нәтижелер. Осы процестi бөгейтiн проблемаларды шешу үшiн сертификаттау саласындағы қолданылып жүрген заңдар мен негiзгi стандарттарға түбегейлi өзгерістер енгiзiлуi тиiс. Мақсат. Тауарлар мен қызмет көрсетулердiң халықаралық рыногында отандық өнiмдердi тану. Мемлекеттiң экономикалық пайдасы. Негiзгi шаралар. Аталған мақсатты iске асыру үшiн сертификаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу мәселелерiн реттейтiн заңдар мен негiзiн салушы мемлекеттік стандарттарға тиiстi өзгерістер енгiзiлуi тиiс. Бұл үшiн: басымдықтарды сапа мен өндiрiс жүйесiн сертификаттау және өнiмдер мен қызмет көрсетулердi ерiктi сертификаттау жағына бұру; мемлекеттік сертификаттау жүйесiнiң iшiнен халықаралық деңгейде өнiмдердiң сәйкестiгiн (сертификаттаудағы) бағалаудың нәтижелерiн тануды қамтамасыз ететiн сертификаттау жөніндегі шетелдiк тәуелсiз ұйымдардың қатысуы практикасын енгiзе отырып, халықаралық талаптарға сәйкес келетiн аккредиттеу жүйесiн құру; өнiмдердi сертификаттау рәсiмiн тауарлар мен қызмет көрсетулер рыногын дамытуға, сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргiзу кезiнде бағаны төмендетуге, сарапшылардың, аудиторлардың біліктiлiгiне талаптарды халықаралық стандарттарға сәйкес жетiлдiруге, тауар өндiрушiлердiң, жеткізушiлердiң және сатушылардың өнiмнiң сапасы үшiн жауапкершiлiгiн күшейтуге, сондай-ақ үшiншi тарап ретiнде сертификаттау жөніндегі органдардың қызметiне сенiмдi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн олардың технологиялылығын арттыру мүддесiнде халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру; дүниежүзiлiк практикада өнiмнiң сапасының кепiлдемесi болып табылатын сәйкестiк белгiсiн қолдану мәселесiн шешу қажет. 6. Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттарды (ТЭӘА) жiктеу мен кодтаудың халықаралық жүйесiне көшу. Iстiң жай-күйi. Қазіргі уақытта экономиканың салаларында негізінен бұрынғы Одақтың техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттарын жiктеушiлер пайдаланылады. Ведомстволық жiктеушiлердiң деңгейiнде статистика жүйесiнде еуропалық жiктеушiлердi: экономикалық қызметтiң түрлерiн; өнiмдер мен қызмет көрсетулердi еуропалық жүктеушiлердi тәжiрибелiк енгізу жүргiзiлуде; Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөніндегі, денсаулық сақтау және білім салаларындағы жiктеушiлердi қайта қарау жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде. Мақсат. Ведомствоаралық ақпараттар ағынын келiсу және мемлекеттік басқару органдары мен экономика салалары пайдаланатын номенклатуралар мен жiктеушiлердiң халықаралық практикасының деректерiне сәйкес еместiгiн жеңу проблемаларын шешу. Саудада техникалық кедергiлердi алу. Негiзгi шаралар. Осы мақсатты iске асыру үшiн: экономика салалары мен мемлекеттік басқару органдарында статистика саласына енгiзiлген еуропалық жiктеушiлерге талдау жүргiзу және оларды жетiлдiру және қолдану жөнiнде ұсыныс әзiрлеу; қабылданған мемлекетаралық жiктеушiлердi: валюталарды, дүниежүзi елдерiн, есептеу бiрлiгiн, стандарттарды, өлшеу құралдарын енгізу жөнiнде тәртiп әзiрлеу; республиканың мүдделi бөлiмшелерiмен ТМД елдерiнiң мемлекетаралық ретiнде ұсынылып отырған ұлттық жiктеушiлерiн пысықтау қажет. 7. Қазақстан Республикасы стандарттарының Мемлекеттік қорын қалыптастыру және дамыту және Қазақстанда Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнiң (ГААТ/ДСҰ) талаптарына жауап беретiн Ақпараттық орталық құру. Iстiң жай-күйi. Қазақстандағы бар Стандарттардың мемлекеттік қоры қайта қарауға жататын құжаттардың 40 процентке жуығын түбiрiнен реформалауды талап етедi. Мемлекеттік қордың халықаралық ұйымдардың: ISO, IOML және IEC стандарттарымен қамтамасыз етiлуi 50, ТМД елдерiнiң ұлттық стандарттарымен қамтамасыз етілуi 5-тен 80 процентке дейiнгiнi құрайды, қорда алыс шет елдердiң ұлттық стандарттары iс жүзiнде жоқ. Қазақстанда ГААТ/ДСҰ Бас келісімiнiң мiндеттi талаптарының бiрi болып табылатын Ақпарат орталығы құрылған жоқ. Республикада қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттар туралы деректердiң бiрыңғай базасы жоқ. Қазақстан Республикасында қордың жұмыстарына бiрыңғай ұйымдастыру әдiстемелiк басшылық пен үйлестiру жоқ, жұмыс процестерi iс жүзiнде автоматтандырылмаған. Мақсат. Отандық және шет елдiк әрiптестердi қоса алғанда кез келген деңгейдегi ақпараттық нормативтiк сұраныстарды қанағаттандыруға қабілеттi Қазақстан Республикасы стандарттарының мемлекеттік қорын және Ақпараттық орталық құру. Жалпы ұлттық мүдделердi ескере отырып, өзара тиiмдi негiзде Стандарттардың мемлекеттік қорын құрылымдық бөлiмшелерiнiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету. Негiзгi шаралар. Көрсетiлген мақсатқа қол жеткізу үшiн: құжаттарды жинақтауды, олардың есебiн жүргiзудi, орналастыруды және бөлудi, тапсырысшыларға қызмет көрсетудi қоса алғанда стандарттар қоры бойынша жұмыстар жүргiзудi ұйымдастыру мен оның технологиясын реттейтiн мемлекеттік стандарттар мен нормативтiк құжаттардың кешенiн әзiрлеу; стандарттау қорының жұмысын автоматтандыру және қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгізу; республикада стандарттау жөніндегі қолданылатын нормативтiк құжаттар жөніндегі деректердiң бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық базасын құру және ақпараттарды рұқсат етiлмеген кiруден қорғау; қажеттi көбейткiш, компьютерлiк базасы мен ұйымдастыру техникалары, алаңдары, ДСҰ-ға мүше елдердiң негiздi сұрауларына жауап беретiн, тұтынушылар мен отандық тауар өндiрушiлердiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты кемсiтушiлiктi болдырмау мақсатында олардың нормативтiк құжаттарын аударатын және қарайтын бағдарламашылар мен сарапшылардың штаты бар Ақпарат орталығын құру; аударуды және стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі аударылған (оның iшiнде қазақ және ағылшын тiлдерiне) материалдар мен құжаттарды сараптауды жүзеге асыратын, аудармалардың бiрдейлiгiн растау мәселесi жөнiнде төрешi болуға қабілеттi бөлiмше құру; "Ақпарат күнiн", нұсқауларды, каталогтарды, ақпараттық парақтарды дайындау жүйесiн жетiлдiру; тапсырысшылармен ИНТЕРНЕТ және WEB байланыс жүйесi арқылы алынатын Мемстандарт парағы ақпаратын пайдаланудың мүмкiндiгiн қамтитын жұмыстың нысандарын өзгерту; Мемстандарттың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мерзiмдi газет басылымдары мен журналдарды, бюллетендердi дайындау көзделуi тиiс. 8. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастық. Iстiң жай-күйi. 1993 жылдан бергi кезең iшiнде Мемстандарт ТМД мен дүниежүзiнiң әртүрлi елдерiмен мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған белгiлi бiр жұмыстар жүргiздi. Қазiргi уақытта Ресеймен, Украинамен, Грузиямен, Қырғызстанмен стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясат туралы құжаттарға (келісімдерге) Үкiмет деңгейiнде қол қойылды және бекітілдi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |