|
|
|
Қазақстан әйелдерінің қатысуымен кәсіпкерлікті дамытудың жекелеген
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан әйелдерінің қатысуымен кәсіпкерлікті әлеуметтік қолдау және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі: әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында әйелдердің басым қатысуымен кәсіпкерлік құрылымдарды ұйымдастыру және қолдау жөніндегі іс-шаралардың арнайы тарауын көздесін; тоқсан сайын, әйелдердің қатысуымен кәсіпкерлікті дамытудың барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлап отырсын. 2. Екінші деңгейдегі банктерге әйелдердің қатысуымен кәсіпкерліктің жобаларын несиелендіру, сондай-ақ қажетті консультациялық қызмет көрсетулер жүргізу жөніндегі өз бағдарламаларын әзірлеу және қабылдау ұсынылсын. 3. Қазақстанның Ұлттық Банкі (келісім бойынша) тоқсан сайын екінші деңгейдегі банктер жүргізіп отырған, әйелдердің қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмыс туралы ақпаратты қорытсын және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |