|
|
|
Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды, ғылыми-техникалық
ҚР Үкіметінің 2005.15.10. № 1034 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының ғылым және мемлекеттік ғылыми- техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ғылым мен техниканы қаржыландыру тәртібін жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Мемлекеттік бюджеттен ғылыми ұйымдарды ұстауға байланысты шығындарды қаржыландыру, ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асыруға, сондай-ақ компьютерлендiру мен ақпараттандыруға арналған қаржыны бөлудi 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жүзеге асыратын болып белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі республикадағы ақпараттандыру жөніндегі жұмыстардың басты тапсырыс берушiсi болып белгiленiп, оған осы аталған жұмыстарды мақсатты қаржыландыруға 1992 жылға арналған республикалық бюджетте компьютерлендiру мен ақпараттандыру бағдарламасы үшiн көзделген орталықтандырылған қаржы бөлiнетiн болсын. 3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің "Қазақ ССР-iн ақпараттандырудың 1991-1995 жылдарға және 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасы туралы" 1991 жылғы 13 тамыздағы № 474 қаулысының 2 тармағы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды, республикалық және мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру туралы" 1992 жылғы 25 мамырдағы 459 қаулысы. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |