|
|
|
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және агросервистiк қызмет ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды
Қазақ ССР-iнiң "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Заңын жүзеге асыру және Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және сервистiк қызмет көрсету жөніндегі Қазақ мемлекеттік концернi (Қазагрожөнмаш) кәсiпорындарының нарықтық қатынастарға енуiне жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Қазагрожөнмаш" концернiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары еңбек коллективтерiнiң бастамасы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аталған концерннiң құрамына кiретiн осы кәсiпорындар мен ұйымдар негiзiнде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және агросервистiк қызмет көрсету жөніндегі "Қазагрожөнмаш-холдинг"* акционерлік холдингтiк компаниясын (мемлекеттердiң қатысуымен) құру туралы шешiмi мақұлдансын. Бұдан әрi текст бойынша "Қазагрожөнмаш-холдинг" компаниясы. Облыстардың әкiмдерi "Қазагрожөнмаш-холдинг" компаниясын дамытуға жәрдем көрсететiн болсын. 2. "Қазагрожөнмаш-холдингтiң" негiзгi мiндетi - машиналар мен жабдықтар шығаруды, колхоздарға, совхоздарға, агроөнеркәсiптiк кешеннiң ұқсатушы және басқа кәсiпорындары мен ұйымдарына, фермерлiк, шаруа қожалықтарына арналған ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу мен сервистiк қызмет көрсетудi дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. 3. "Қазагрожөнмаш-холдинг" компаниясы "Қазагрожөнмаш" концернiнiң заңды мұрагерi болып табылады, оның дербес балансы болады және Қазақстан Республикасының заңы мен өз Жарғысына сәйкес iс-әрекет етедi. "Қазагрожөнмаш-холдинг" компаниясының атқарушы аппараты таратылған "Қазагрожөнмаш" концернiнiң алаңына мына мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Ленин даңғылы, 38 үйде орналасады. 4. "Қазагрожөнмаш-холдинг" компаниясының президентi холдинг қатысушыларының жалпы жиналысының келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды және ол лауазымы бойынша басқарма мүшесi болып табылады. 5. "Қазагрожөнмаш-холдинг" компаниясының президентi мен вице-президенттерiне Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының тиiстi қызметкерлерi үшiн белгiленген тұрмыстық, көлiктiк және медициналық қызмет көрсету жағдайы сақталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |