|
|
|
Инвестициялық жекешелендiру қорлары мен олардың басқарушыларына
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Инвестициялық жекешелендiру қорларын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1290 қаулысының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 633 қаулысымен бекітілген Инвестициялық жекешелендiру қорларының, осы қорлар басқарушыларының қызметiне лицензия беру және лицензиялардың күшiн тоқтату және қайтарып алу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Инвестициялық жекешелендiру қорларына және олардың басқарушыларына лицензиялар беру жөніндегі Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) мына құрамда құрылсын: Дуберман Ю.Е. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының орынбасары, комиссияның төрағасы Құттыбаева К.С. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi жаппай жекешелендiру жетекшi басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Махмутова Н.К. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi жаппай жекешелендiру жетекшi басқармасы купондық сауда бөлiмiнiң бас маманы, комиссияның жауапты хатшысы Комиссия мүшелерi: Каирова В.К. - Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң макроэкономикалық көрсеткiштер және халық шаруашылығын талдау жөніндегі жетекшi басқармасының бастығы Анцифиров В. Т. - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi ұйымдық-әдiстемелiк басқармасының бастығы Жанғабаев К. А. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң монополияға қарсы саясат меншiгi бөлiмiнiң бастығы Ивченко Е. А. - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Бағалы қағаздар басқармасының бастығы (келісімi бойынша) Қадырбеков Б. А. - Қазақстан Республикасы монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының орынбасары Мұқашев Е. Д. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң экономикалық кеңесшiлер тобының жетекшiсi Говоров А.С. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жаңа экономикалық құрылымдардың жетекшi басқармасының бастығы Ескерту. Өзгерістер ҚРМК-нiң 1993.10.19. № 1033, 1994 ж. 4 қазан, № 1106 және 1994 ж. 6 желтоқсан № 1378 қаулыларымен енгiзiлген. Ескерту. Комиссия құрамына өзгерістер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.09.26. № 1287 қаулысымен және осы қаулымен 1994.10.04. № 1106 және 1994.12.06. № 1378 қаулыларының күшi жойылды. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiне құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрiн Комиссия қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс органы ретiнде белгiлеу тапсырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |