|
|
|
«Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы агроөнеркәсiп кешенiне арналған машиналар жасау жөніндегі Кеңес туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 10 қаңтардағы № 50 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы агроөнеркәсiп кешенiне арналған машиналар жасау жөніндегі Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы агроөнеркәсiп кешенiне арналған машиналар жасау жөніндегі Кеңес (бұдан былай - Кеңес) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 қыркүйектегi № 881 қаулысына сәйкес құрылған. 2. Кеңес агроөнеркәсiп кешенi салаларына арналған машиналарды жасауды бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып тұрақты жұмыс iстейтiн үкiмет органы болып табылады. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және атқарушы өкiмет, мемлекеттік, шаруашылық басқармалары органдарымен өзара iс-қимыл негiзiнде осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агроөнеркәсiп кешенiн машиналармен, жабдықтармен, оларға қажеттi қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы техникаларына техникалық қызмет көрсету саласындағы республиканың стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Кеңес өз жұмысын мына негiзгi бағыттарда жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың Тұжырымдамалық бағдарламасы негiзiнде ауыл шаруашылығының, ұқсатушы және қызмет көрсетушi салалардың машиналарға, жабдықтарға, оларға қажеттi қосалқы бөлшектерге деген қажеттiлiгiн қарастырады, ауыл шаруашылығы жұмыстарын кешендi механикаландыруға арналған машиналардың перспективалық жүйесiн бекiтедi; агроөнеркәсiп кешенiне арналған машиналар жасауды дамыту, тиiстi өндiрiстiк базалар құру жөніндегі бағдарламаларды қарап, бекiтедi және республика қорларынан жеңiлдiктi кредиттер немесе шетелдiк инвестициялар беру арқылы жобаларды қаржыландыру үшiн техникалық-экономикалық құжаттамаларды (бизнес-жоспар) әзiрлеу мақсатымен оларды жүзеге асырудың басым бағыттарын белгiлейдi; республиканың өнеркәсiп орындарында агроөнеркәсiп кешенi салаларына арналған машиналар, жабдықтар мен оларға арналған қосалқы бөлшектер шығаруды ұйымдастыру жөнiнде шешiм қабылдайды және ұсыныс бередi; мемлекеттік валюта қоры есебiнен мақсатты түрде сатып алынатын техникалардың көлемiн, номенклатурасын анықтайды және оларды сатып алуға тиiстi кепiлдеме бередi; мемлекеттік кредит жүйесiн тарта отырып агроөнеркәсiп кешенiнiң ұқсатушы салаларына арналған ауыл шаруашылық техникалары мен жабдықтарын шығару жөніндегі шетелдiк фирмалармен бiрлескен кәсiпорындар құру жөніндегі ұсыныстарды қарайды; құру және оларды шығарудың бастапқы кезеңi (алғашқы екi жыл iшiнде) барысында жеңiлдiктi несие беруге, салық салуға жататын агроөнеркәсiп кешенi салаларына арналған машиналар мен жабдықтардың тiзбесiн белгiлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеңесте қарауға ұсыныс жасайды және агроөнеркәсiп кешенiне арналған техника жасаушы кәсiпорындарды экономикалық ынталандыру жөніндегі басқа да ұсыныстарды қарайды; агроөнеркәсiп кешенiне арналған машиналар мен жабдықтар сервисiн дамыту жөніндегі ұсыныстарды қарайды. 4. Кеңестiң: министрлiктерден, ведомстволардан, басқа да мемлекеттік басқару органдарынан, жергiлiктi әкiмдерден, кәсiпорындар мен ұйымдардан Кеңес мәжілісiне материалдар даярлауға қажет мәлiметтердi сұрауға және алуға; министрлiктерде, ведомстволарда, шаруашылық басқару органдарында, мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдарда агроөнеркәсiп кешенiне арналған машина жасауды дамытуды қамтамасыз ету, Кеңес шешiмдерiн орындау мәселелерi жөнiнде тексерулер жүргiзудi ұйымдастыруға; өз мәжілістерiнде мемлекеттік және шаруашылық басқару органдарының, кәсiпорындар мен мекемелер басшыларының Кеңес шешiмiн орындау жөнiнде жүргiзген жұмыстары туралы ақпараттары мен есебiн тыңдауға; агроөнеркәсiп кешенiне арналған машина жасауды дамытудың жекелеген мәселелерiн әзiрлеу және Кеңес мәжілісiне құжаттарды даярлау үшiн министрлiктердiң, ведомстволардың, мемлекеттік компаниялардың, өнеркәсiп орындарының, ғылыми және жобалау ұйымдары басшыларынан, ғалымдары мен мамандарынан жұмыс тобын құруға құқы бар. 5. Кеңес агроөнеркәсiп кешенiне арналған техникаларды әзiрлеуге, сынауға, шақыруға, беруге, пайдалану мен қызмет көрсетуге қатысқан министрлiктердiң, ведомстволардың, ұлттық және мемлекеттік компаниялардың кәсiпорындар, ғылыми және жобалау мекемелерiнiң өкiлдерiнен құрылады. Кеңестi Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң агроөнеркәсiп кешенге жауапты орынбасары басқарады. Кеңестiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітіледi. Кеңестiң жұмысшы аппараты, басқа мүдделi ұйымдардың өкiлдерiн қатыстыра отырып, "Қазагрожөнмаш-холдинг" Мемлекеттік холдингтiк компаниясының атқарушы аппараты болып табылады. 6. Кеңес жұмысын өз мәжілісiнде бекiткен жылдық және тоқсандық жоспарларына сәйкес жүргiзедi. Кеңес мәжілісi қажет болған жағдайларда, бiрақ тоқсанына екi реттен жиi емес, өткiзiледi. Кеңестiң шешiмi оның өкiлеттiгi мен құзыры шегiнде хаттама түрiнде хатталады және оны мемлекеттік және шаруашылық басқару органдарының бәрi орындауға тиiстi. Кеңесте қаралып, Үкiмет шешiмiн қажет еткен материалдар, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауына енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |