|
|
|
Қазақстан Республикасының шикiзат саясатының тұжырымдамасы туралы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі ұсынған жер қойнауын пайдалануды және қорғауды басқару мен бiр жүйеге келтiру тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу мен игерудiң инвестициялық бағдарламасы мақұлдансын. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінiң Қазақстан Республикасының шикiзат саясатының тұжырымдамасы жөніндегі хабары назарға алынсын. 2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне, Геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне: Қазақстан Республикасының шикiзат саясаты тұжырымдамасы және пайдалы қазбалар кен орнын геологиялық зерттеу мен игерудiң инвестициялық бағдарламасы жайында құжаттар пакетiн құрастырып, салалық министрлiктер мен мекемелерге, облыс әкiмдерiне пайдалануға жiберу; пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу мен игерудiң инвестициялық бағдарламасын кеңiнен насихаттап және баспасөзде жариялап, сонымен қатар бұл жұмысты жандандыру жүктелсiн. 3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу мен игерудiң инвестициялық бағдарламасын республика экономика дамуының индикативтiк жоспарына енгiзсiн. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ақпаратты қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігімен бiрлесе отырып, қажет мәлiметтермен инвесторлардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында, геологиялық-экономикалық мәлiметтердi құпиясыздандыру жөнiнде қабылдаған тәртiппен ұсыныс енгiзсiн. 5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң қатысуымен әлемдiк минералдық-шикiзат кешенiне, шикiзаттық өнiмдердi сатуға, өндiруге және пайдалануға конъюнктуралық шолуды дайындауды қамтамасыз етсiн, сонымен қатар Қазақстанның әлемдiк баланстағы стратегиялық жағдайын анықтау мақсатында дамыған және дамушы мемлекеттердiң шикiзаттық саясаты туралы мәлiметтер жинақтасын. Конъюнктуралық шолу Қазақстан Республикасының Үкіметіне және қатысты мекемелерге жыл сайын 1-шi маусымда тапсырылып отырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |