|
|
|
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы» 1998 жылғы 11 қыркүйектегі № 880 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің әкімшілік ғимаратын басқару базасында, оның негізгі міндеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мүлкін басқару жөніндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленіп, «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір айлық мерзім ішінде: оған жарғылық мақсатын жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік мүлік объектілерін қоса отырып, Кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастырсын; Кәсіпорынның жарғысын бекітсін; қолданылып жүрген заңдардың талаптарына сәйкес Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 қазандағы № 1473 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 47, 440-құжат): көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы)». 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |