|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір (2005.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды (бүр.ред.қара) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақ КСР-індегі мемлекеттік экологиялық сарапшылық туралы ережеде: 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "19. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзгенi үшiн ақы түрiнде түсетiн барлық қаражат бюджетке аударылады"; 2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 сәуірдегі № 547 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., № 14, 166-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ережеде: "Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру" деген Ү бөлiм мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын тауарларды сату мен қызмет көрсетулерден түсетiн түсiмдердi олар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайтын тәртiппен пайдаланады". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |