<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасын қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек № 1483

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасын қаржыландырудың
кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек № 1483

Астана қаласындағы әкімшілік кешен объектілерін өрттен тиісті түрде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына "Қызылжар" мемлекеттік резиденциясындағы мамандандырылған өрт сөндіруші бөлімді техникалық жарақтандыру үшін 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мұқтаждықтарға көзделген қаражаттың есебінен 12500 (он екі миллион бес жүз) мың теңге бөлсін.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі