«Мемлекеттік органдар пайдаланатын Астана қаласындағы жылжымайтын
мүлік объектілерінің құрылысына байланысты салықтар мен
төлемдерді төлеу жөніндегі мәселелерді реттеу туралы» Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 16 қазандағы
№ 201-ө өкімі
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Заң күші бар Жарлығының 68-бабының 1-тармағына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 43-құжат) сәйкес және кейбір мұнай өндіруші акционерлік қоғамдарының тапсырысы бойынша Астана қаласындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысымен байланысты «Финтрако» түрік фирмасының қосылған құнға салынатын салықты төлеуі жөніндегі мәселелерді реттеу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі, Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық комитеті белгіленген тәртіппен:
«Маңғыстаумұнайгаз», «Теңізмұнайгаз», «Ембімұнайгаз» және «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамдарына «Финтрако» түрік фирмасы орындаған құрылыс-монтаждық қызмет көрсетулерінен айналымдары бойынша қосымша құнға салынатын салықтың есебіне 7 083 745 (жеті миллион сексен үш мың жеті жүз қырық бес) АҚШ долларына баламды соманы қосымшаға сәйкес есептеуге рұқсат берсін;
жоғарыда аталған акционерлік қоғамдардың Жол қорына төлемдерін қосымшада көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану бойынша тиісті берешегі бар мемлекеттік органдарды қаржыландырудың есебіне есептеуі мен өтеуі жөнінде ұсыныстар енгізсін.
2. Премьер-Министрдің Кеңсесі осы өкімнің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
1998 жылғы 16 қазандағы
№ 201-ө өкіміне
қосымша
«Финтрако» фирмасы Астана қаласындағы жылжымайтын мүлік объектілерін
салуда игерген акционерлік қоғамдарының қаражаты және қосылған құнға
салынатын салық бойынша және Жол қорына төлемдердің көрсеткіштері
(АҚШ долларымен)
___________________________________________________________________________
| |Құны барлығы |Ұйымдар бойынша шығындар,оның ішінде: |
|_____________________|______________|______________________________________|
| | |"Маңғыстаумұнайгаз" |"Ақтөбемұнайгаз"|
|_____________________|______________|_____________________|________________|
|50 үйлік тұрғын үй |12 5432 24-00 | 12 543 224-00 | |
|кешені | | | |
|_____________________|______________|_____________________|________________|
|Үкімет ғимараты |11 767 937-00 | | 11 767 937-68 |
|_____________________|______________|_____________________|________________|
|"Қазақойл" ҰМҚ-ның |9 410 319-00 | | |
|ғылыми-зертханалық | | | |
|корпусы | | | |
|_____________________|______________|_____________________|________________|
|40 және 52 пәтерлік |1 697 245-00 | | |
|тұрғын үйлер, қонақ | | | |
|үй, салықтар, дайын- | | | |
|дық және қосалқы | | | |
|жұмыстар:50 үйлік | | | |
|тұрғын үй кешені | | | |
|бойынша | | | |
|_____________________|______________|_____________________|________________|
|Жиыны |35 418 726-63 | | |
|_____________________|______________|_____________________|________________|
|ҚҚС |7 083 745-32 |2 508 644 -80 |2 353 587-53 |
|_____________________|______________|_____________________|________________|
|Жол қоры |177 093-62 | 62716-12 | 58 839-69 |
|_____________________|______________|_____________________|________________|
|Барлық салық |7 260 838-94 |2 571 360-92 |2 412 427-22 |
|_____________________|______________|_____________________|________________|
| | | | |
+---------------------------------------------------------------------------+
__________________________________________________________________________
| |Құны барлығы |Ұйымдар бойынша шығындар,оның ішінде:|
|_____________________|______________|_____________________________________|
| | | "Ембімұнайгаз" |"Маңғыстаумұнайгаз" |
|_____________________|______________|________________|____________________|
|50 үйлік тұрғын үй | | | |
| кешені | | | |
|____________________ |______________|________________|____________________|
|Үкімет ғимараты | | | |
|____________________ |______________|________________|____________________|
|"Қазақойл" ҰМҚ-ның | |9 410 319-43 |1 697 245-52 |
|ғылыми-зертханалық | | | |
|корпусы | | | |
|_____________________|______________|________________|____________________|
|40 және 52 пәтерлік | | | |
|тұрғын үйлер, қонақ | | | |
|үй, салықтар, дайын- | | | |
|дық және қосалқы | | | |
|жұмыстар:50 үйлік | | | |
|тұрғын үй кешені | | | |
|бойынша | | | |
|_____________________|______________|________________|____________________|
|Жиыны | | | |
|_____________________|______________|________________|____________________|
|ҚҚС | |1 882 063 -89 | 339 449-10 |
|_____________________|______________|________________|____________________|
|Жол қоры | | 47 051-59 | 8 486-22 |
|_____________________|______________|________________|____________________|
|Барлық салық | |1 929 115-48 | 347 935-32 |
+--------------------------------------------------------------------------+