"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2006.25.07. № 155 Жарлығымен күші жойылды
"Байқоңыр" ғарыш айлағында Қазақстан Республикасының юрисдикциясын және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын сақтау мақсатында қаулы етемiн: 1. "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Өкiлi туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi
Президентінің 1996 жылғы 18 сәуірдегі № 2955 Жарлығымен бекітілген
"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Өкiлi туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Өкiлi (бұдан әрi - Өкiл) оны жалға беру жағдайында Қазақстан Республикасының юрисдикциясын және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан-Ресей уағдаластықтарында айқындалған мәселелер бойынша "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің уәкiлдi адамы болып табылады. 2. Өкiл өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде "Байқоңыр" ғарыш айлағы жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкiметаралық комиссиясымен, "Байқоңыр" кешенiнiң Үйлестiру кеңесiмен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және лауазымды адамдарымен, сондай-ақ Байқоңыр қаласының әкімімен, Ресей Федерациясының, органдарымен, ұйымдарымен және "Байқоңыр" ғарыш айлағында өз қызметiн жүзеге асыратын ТМД-ға қатысушы басқа да мемлекеттермен өзара iс-қимыл жасайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|