|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 197-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектерді өтеудің тәртібі туралы ережеде: 2-тармақтағы "1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша пайда болған", "есеп айырысу жүргізілген сәтте өтелмеген" деген сөздер "есеп айырысу жүргізілген сәттегі жағдай бойынша қалыптасқан, бірақ 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша пайда болған мұндай берешектің сомасынан аспайтын (салық төлеушінің жеке шоты бойынша көрсетілген)" деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақта: "салық органынан" деген сөздерден кейін " № 8-нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 32-тармақтың алтыншы абзацындағы "1998 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, "анықтама ұсынылған сәтте өтелмеген" деген сөздер "№ 8-нысан бойынша (салық төлеушінің жеке шоты бойынша көрсетілген)" деген сөздермен ауыстырылсын; 34-тармақтың екінші абзацындағы "1998 жылғы 31 желтоқсанда қалыптасқан", "анықтама ұсынылған сәтте өтелмеген" деген сөздер "№ 8-нысан бойынша (салық төлеушінің жеке шоты бойынша көрсетілген)" деген сөздермен ауыстырылсын; 41-тармақтағы "1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша расталған күні өтелмеген" деген сөздер алынып тасталсын; № 7-нысандағы "1999 жылғы "____"________ өтелмеген 1998 жылғы 31 (күні) (айы) желтоқсандағы," деген сөздер "1999 жылғы" "______" __________ (күні) (айы) қалыптасқан және өтелуге жататын" деген сөздермен ауыстырылсын. қосымшаға сәйкес № 8-нысанмен толықтырылсын. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1593 қаулысына қосымша № 8-нысан __________________________________________________ (Аумақтық салық органының атауы, СТН) 1999 жылғы "____"____________ Республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешектің бар екендігі туралы N _____ Анықтама ________________________________________________________ (салық төлеушінің атауы) ________________ (облыстың коды) _______________________ (салық төлеушінің СТН) 1._____________ пайда болған республикалық бюджетке төленетін төлемдер (анықтаманың берілген күні) бойынша берешектің, бірақ 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қалыптасқан мұндай берешектің сомасынан аспайтын, салық төлеушінің жеке шоты бойынша көрсетілген, жалпы сомасы _________теңгені құрайды, оның ішінде төлемдердің түрлері бойынша: _________________________________________________________________________ Төлем Төлемнің атауы Берешектің Негізгі Өсімақылар Айыппұлдар коды жалпы сомасы борыш _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ Жиыны _________________________________________________________________________ 2.________________ (1999 жылғы 1 қаңтардан кейін Астана қаласында салық органдарында тіркелген, жеткізушілер бойынша тіркелген күні мен нөмірі) 3.Осы анықтама___________ данада берілді Салық комитетінің төрағасы_____ ______________________ (қолы) (аты-жөні) Талдау және есептеу бөлімінің бастығы _______ _______________ (қолы) (аты-жөні)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |