|
|
|
"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын қаржылай
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын қаржы дағдарысынан шығару және оның төлем жасау қабiлетiн қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2173 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамы дәрменсiз борышкер деп танылып, соттан тыс қайта ұйымдастыру процедуралары жүргiзiлсiн. Қайта ұйымдастыру процедураларының күшi жүретiн кезеңде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру тоқтатылсын. "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамына берешектерiн өтеудiң мерзiмiн келiсу тапсырылсын. 2. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi оның қаржы-шаруашылық қызметiн тұрақтандыру жөніндегі бiрiншi кезектегi шараларға сәйкес сауықтыру жоспарын әзiрлеп, бекiткенге дейiн "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамына кредит берудi бастасын. ЕСКЕРТУ. 2-шi тармақтың және 3-шi тармақтың 1-абзацының күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.09.28. № 1187 қаулысымен. 4. 5. 6. ЕСКЕРТУ. 4, 5, 6-шы тармақтар күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.09.28. № 1187 қаулысымен. 7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi: "Казинтерметалл" акционерлік қоғамымен "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын басқару контрактын бұзып, мемлекеттік акциялар пакетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне берсiн; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен, Талдықорған облысының әкімімен бiрлесiп, "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамының әлеуметтiк сала объектiлерiн Текелi қаласы әкімінiң балансына берсiн. 8. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі және Талдықорған облысының әкімі мемлекеттік акциялар пакетiн сыртқы басқаруға берiлуi және Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi бөлген кредиттердiң қайтарылу мүмкiндiгiн ескерiп, "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын жекешелендiру жөніндегі дайындық жұмысын 2 ай мерзiмде жүргiзсiн. Үкiметтiң кепiлдiгiнсiз "ФОРЭС" бағдарламасының қор алмасуы бойынша халықаралық қаржы институттары арқылы шетелдiк инвестицияларды тарту негiзiнде комбинатты дамыту мүмкiндiгi қарастырылсын. 9. Осы қаулының жүзеге асырылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Г.О.Штойкқа жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 қаңтардағы № 19 қаулысына 1 қосымша "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөніндегі мемлекеттік комиссияның Құрамы Мұртазаев М.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрінің орынбасары, комиссия төрағасы Мүржiков Т.Е. - Қазақстан Республикасы мемлекеттік Медетшi банкінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Шоқпытов А.М. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелерi: Әбiлқасымов С.С. - Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы жұмыспен қамтамасыз ету департаментiнiң төрағасы Ахметов Ф.И. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі экономикалық саясат жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Баяндаров А.Е. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігі түстi металлургия жөніндегі департаментiнiң директоры Берлизева Л.В. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі материалдық өндiрiс салалары басқармасының бөлiм бастығы Биекенов С.К. - Қазақстан Республикасы Кеден комитетi кеден бақылауын ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары Құлдаров Е. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының бас салық инспекторы Павлий А.А. - Текелi қаласының әкімі Раханов М.С. - Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары Русинов Н.И. - Талдықорған облысы әкімінiң орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |