|
|
|
«Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мекемелерi (1996.09.16. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. 1995 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының алыс және таяу шет елдердегi Елшiлерi мен Өкiлеттi Өкiлдерiнiң АҚШ долларымен төленетiн лауазымдық жалақылары қосымшаға сәйкес белгiленсiн. Осы қаулыға сәйкес қызметкерлер үшiн енгiзiлiп отырған жалақы төленiп жүрген жалақыда аз болған жағдайларда, оларға Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдегi осы мекемесiнде сол лауазымда жұмыс iстеген уақытына жалақысының тиiстi айырмасы төленедi. 2. Қазақстан Республикасының алыс және таяу шет елдердегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Елшiнiң лауазымдық жалақысына "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдегi мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысының кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 қыркүйектегi № 867 қаулысының № 1 қосымшасында белгiленген проценттiк арақатынаста белгiленедi. 3. Қазақстан Республикасы Елшiлерiнiң шетел валютасымен төленетiн лауазымдық жалақыларына дербес үстемелер 1995 жылдың 1 наурызынан бастап тоқтатылсын. 4. Қазақстан Республикасының алыс және таяу шетелдегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерiнiң штат саны 361,75 бiрлiк болып белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шет елдердегi мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары мен штат саны туралы" № 946 қаулысының және 1994 жылғы 14 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының елшiлiктерi аппаратының санын және оларды ұстауға арналған шығындары реттеу туралы" № 1023 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 наурыздағы № 231 қаулысына Қосымша
ҚР Үкіметінiң 1996.09.16. № 1122 қаулысымен қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi Қазақстан Республикасының алыс және таяу шет елдердегi Елшiлерi мен Өкiлеттi Өкiлдерiнiң лауазымдық жалақылары
------------------------------------------------------------------- Қазақстан Республикасының Елшiлiгi мен | Лауазымдық жалақы Өкiлдiгiнiң атауы | ------------------------------------------------------------------- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшiлiгi 1200 Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшiлiгi 800 Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшiлiгi 800 Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшiлiгi 800 Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшiлiгi 800 Қазақстан Республикасының Әзiрбайжан Республикасындағы Елшiлiгi 800 Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгiндегi Елшiлiгi 2250 Қазақстан Республикасының Венгер Республикасындағы Елшiлiгi 2000 Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшiлiгi 1800 Қазақстан Республикасының Үндiстан Республикасындағы Елшiлiгi 1700 Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасындағы Елшiлiгi 1900 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшiлiгi 2300 Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкiлдiгi 2500 Қазақстан Республикасының Пәкiстан Ислам Республикасындағы Елшiлiгi 1700 Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшiлiгi 2500 Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшiлiгi 2500 Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк Республикасындағы Елшiлiгi 2500 Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшiлiгi 2500
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |