|
|
|
Қазақстан Республикасының оңтүстiк облыстарында жүгерi өсiрудiң
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 қаулысымен күші жойылды
Республикада тауарлы жүгерi өндiрудi арттыру және агроөнеркәсiп кешенi кәсiпорындарының жүгерi дәнiне, оны шет ел кредиттерiн тарту жолымен өндiру үшiн ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығына деген қажетiн қанағаттандыру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының экономикасына шет ел капиталын тарту процестерiн мемлекеттік басқару мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 қаңтардағы № 2035 Жарлығына, "Қазақстан Республикасына шет ел кредиттерiн тарту жұмыстарын тәртiпке келтiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 ақпандағы № 139 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы № 16 өкімі негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Агросауда" мемлекеттік сыртқы сауда акционерлік компаниясы мен "Транс-Кемикл" корпорациясы (АҚШ) арасында 100 мың гектар алқапта жүгерi өсiрудiң инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшiн техника, жабық, химикаттар мен тұқым беруге, сондай-ақ агротехникалық қызмет көрсету жөнiнде 87 (сексен жетi) млн. АҚШ долларына жасалған контракт мақұлдансын. 2. "Агросауда" мемлекеттік сыртқы сауда акционерлік компаниясы жоба жөніндегі бас импортер және жабдық, техника, технология, тұқым және химикаттар алушылардың мiндеттемесi жөніндегі үйлестiрушi болып белгiленсiн. "Агросауда" мемлекеттік сыртқы сауда акционерлік компаниясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Экономика министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң жанындағы шет ел капиталын пайдалану жөніндегі комитетке және Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкiсiне жабдық, техника, технология, тұқым және химикаттар алушы кәсiпорындар мен ұйымдар тiзiмiн кредит жөніндегі тиiстi мiндеттемелерiмен қоса табыс етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі осы жобаны Басым инвестициялық жобалар мен сатып алынатын тауарлардың индикативтi тiзбесiне енгiзетiн болсын. 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 ақпандағы № 139 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен берiлетiн шетелдiк инвестициялық және тауарлық кредиттердi тарту, пайдалану және оларды есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн беру туралы келісім жасассын; осы жоба бойынша жабдық, техника, технология, тұқым және химикаттар беруге жасалған контрактiге сәйкес АҚШ-тың кредит берушi банкiсiмен жеке кредиттiк келісім жасассын; тауар алушы шаруашылықтармен iшкi кредиттiк келісiм жасассын; берешектiң уақтылы төленуiн қамтамасыз ету жөнiнде кредиттiк келісімнiң күшiн тоқтатуға дейiн қажеттi шаралар қолданатын болсын; төлем мерзiмi өтiп кеткен жағдайда техника, технология, тұқым және химикаттар алушы кәсiпорындар мен ұйымдардың банктегi шоттарынан теңге мен валюта қаражатын берешектi өтеу есебiне жатқызуға рұқсат етiлсiн. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкiсiнiң мiндеттемелерi негiзiнде осы жоба бойынша кредит берушi банкке тиiстi Үкiметтiк кепiлдiк беретiн болсын. 6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөніндегі комитет, облыс әкiмдерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi және "Агросауда" мемлекеттік сыртқы сауда акционерлік компаниясы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауына жобаны тиiмдi жүзеге асыру үшiн шешiлуi қажет барлық мәселелер бойынша ұсынысты уақтылы енгiзсiн. 7. Облыс әкiмдерiне, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөніндегі комитетке және "Агросауда" мемлекеттік сыртқы сауда акционерлік компаниясына жобаның жүзеге асуын және кредит бойынша төлемдердiң уақтылы жасалуын бақылау жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрi бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |