|
|
|
1996 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға көзделген республикалық
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
"1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн және "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы № 53 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінiң 1996 жылға республикалық бюджетте жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға көзделген қаражаттан 2414776 мың /екi миллиард төрт жүз он төрт миллион жетi жүз жетпiс алты мың/ теңге бөлу туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Облыстар мен Алматы қаласы бойынша 1996 жылға арналған: халықтың әлеуметтiк қорғалатын бөлiгi үшiн мемлекеттік тұрғын үй құрылысына арналған күрделi қаржының көлемi 1 қосымшаға сәйкес; 10 және одан да көп жыл тұрғын үй алудың кезегiнде тұрған отбасыларына өтеусiз жәрдемақының көлемi 2 қосымшаға сәйкес; құрылыс салуға ұзақ мерзiмдi кредит беруге немесе мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден 1996 жылы алынған қаражат есебiнен азаматтардың тұрғын үй алуына арналған ресурстардың көлемi 3 қосымшаға сәйкес; коммуналдық шаруашылық объектiлерiнiң құрылысына арналған күрделi қаржының көлемi 4 қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік банкiмен және мүдделi министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен және басқа мемлекеттік органдармен бiрлесiп, осы қаулыда көзделген қаражатты тиiмдi игеру мен мақсатты пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі осы жұмыстарды жалпы үйлестiрудi қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Валюта-қаржы бақылау комитетi аталған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау орнатсын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ауық-ауық хабарлап отырсын. 5. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi қаржыландырылуы осы қаулымен көзделген тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық объектiлерi құрылысының барысы туралы ақпараттың ай сайын берiлiп тұруын қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 наурыздағы № 344 қаулысына 1 қосымша 1996 жылы халықтың әлеуметтiк қорғалатын бөлiгi үшiн мемлекеттік тұрғын үй құрылысына арналған күрделi қаржылардың КӨЛЕМI /мың теңге/ БАРЛЫҒЫ: 419776 оның iшiнде облыстар бойынша: Ақмола 138951 оның iшiнде: Ақмола қаласы 114000 Ақтөбе 11895 Алматы 4189 Атырау 10488 Шығыс Қазақстан 20334 Жамбыл 9846 Жезқазған 8103 Батыс Қазақстан 14586 Қарағанды 19080 Қызылорда 10519 Көкшетау 8715 Қостанай 26052 Маңғыстау 13638 Павлодар 13271 Солтүстiк Қазақстан 8195 Семей 19600 Талдықорған 10610 Торғай 4648 Оңтүстiк Қазақстан 17276 Алматы қаласы 49780* Ескерту: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 сәуірдегі № 403 - 12 қаулысы ескерiлдi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 наурыздағы № 344 қаулысына 2 қосымша 10 және одан да көп жыл тұрғын үй алудың кезегiнде тұрған отбасыларына 1996 жылғы өтеусiз жәрдемақының КӨЛЕМI /мың теңге/ БАРЛЫҒЫ: 100000 оның iшiнде облыстар бойынша: Ақмола 8533 оның iшiнде: Ақмола қаласы 5124 Ақтөбе 4498 Алматы 5770 Атырау 2729 Шығыс Қазақстан 5648 Жамбыл 5874 Жезқазған 2909 Батыс Қазақстан 3998 Қарағанды 6970 Қызылорда 4028 Көкшетау 3958 Қостанай 6014 Маңғыстау 1969 Павлодар 5678 Солтүстiк Қазақстан 3628 Семей 4908 Талдықорған 4338 Торғай 1839 Оңтүстiк Қазақстан 10391 Алматы қаласы 6320 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 наурыздағы № 344 қаулысына 3 қосымша 1996 жылы құрылыс салуға ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi кредит беруге немесе мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден алынған қаражат есебiнен азаматтардың тұрғын үй алуына арналған ресурстардың КӨЛЕМI /мың теңге/ БАРЛЫҒЫ: 1455000 оның iшiнде облыстар бойынша: Ақмола 124206 оның iшiнде: Ақмола қаласы 74590 Ақтөбе 65476 Алматы 83371 Атырау 39722 Шығыс Қазақстан 82207 Жамбыл 85501 Жезқазған 42341 Батыс Қазақстан 58200 Қарағанды 101453 Қызылорда 58636 Көкшетау 57616 Қостанай 87538 Маңғыстау 28664 Павлодар 82644 Солтүстiк Қазақстан 52816 Семей 71440 Талдықорған 63147 Торғай 26772 Оңтүстiк Қазақстан 151254 Алматы қаласы 91996 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 наурыздағы № 344 қаулысына 4 қосымша 1996 жылы коммуналдық шаруашылық объектiлерiн салуға арналған күрделi қаржының КӨЛЕМI ___________________________________________________________________ Тапсырыс берушi, | Өлшем |Қуаты|Қолданысқа |Күрделi қаржы объектiнiң атауы | бiрлiгi | |ену мерзiмi| көлемi мен орналасқан жерi | | | | /мың теңге/ _______________________|_________|_____|___________|_______________ БАРЛЫҒЫ: 440000 Оның iшiнде: Солтүстiк Қазақстан облысының әкімі Канализациялық тәулiгiне 82,2 1996 жыл 88000 тазарту ғимараты, мың текше оңтүстiк коллектор, метр Петропавл қаласы Алматы қалалық "Водоканал" су құбыры-канализация шаруашылығы өндiрiстiк бiрлестiгi Сорбұлақ каналының км 28,2 1996 жыл 125000 оң жағалауынан авариялық төгу /қосу кешенi/, Алматы облысы Шығыс Қазақстан тәулiгiне 88,0 1996 жыл 127000 облысының әкімі мың текше метр Өскемен қаласындағы қалдық суларды тазарту ғимаратын кеңейту /қосу кешенi/ Жезқазған облысының әкімі объектiлерi 1996 жыл 100000 Приозерск қаласының коммуналдық шаруашылық
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |