|
|
|
"Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамын қаржылай сауықтыру
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
"Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамын қаржылай сауықтыру, инвестициялар, озық технологияларды тарту және кәсiпорынды тиiмдi басқарудың оң тәжiрибесiн жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Ривер" Интернешнл С.А." компаниясының "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiн оған басқаруға беру туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiн басқаруға "Ривер Интернешнл С.А." компаниясымен контракт жасау тапсырылсын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасына Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан аталған контрактiге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi: "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамын "Ақ сұңқар" мемлекеттік холдинг компаниясының құрамынан; "Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласының экономикасын дағдарыс жағдайынан шығару жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 шiлдедегi № 757 қаулысына сәйкес жасалған контрактiнiң бүкiл мерзiмiне оны республикалық бюджеттен қаржыландыруға қалдырып, "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының құрамынан "Су құю" еншiлес кәсiпорнын заңдарда белгiленген тәртiппен шығарсын. 4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi кәсiпорынды басқару құқығына аталған контрактi шарттарының орындалуына бақылау жасау жөніндегі өкiлiн тағайындап, оған осы қаулының жүзеге асырылуы бойынша мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi жүктесiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |