|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 маусымдағы № 871 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Жаппай жекешелендiрудi аяқтау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 маусымдағы № 871 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 22, 255-құжат/ мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1-тармақта: бiрiншi абзац мынадай редакцияда баяндалсын: "Инвестициялық жекешелендiру қорлары қабылдау пункттерiнiң халықтан жекешелендiру инвестициялық купондарын қабылдауды аяқтау күнi 1995 жылдың 30 қыркүйегi болып белгiленсiн"; мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Халық банкінің жекешелендiру инвестициялық купондарының қабылдауының ақырғы күнi 1995 жылдың 30 қазаны болып белгiленсiн"; екiншi абзац үшiншi абзац болып саналсын; 3-тармақта: мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын; инвестициялық жекешелендiру қорлары 1995 жылдың 30 қазанына дейiн инвестиция декларацияларын, сондай-ақ жекешелендiру инвестициялық купондары мен сатып алынған құнды қағаздар бойынша есептерiн берудi қамтамасыз етсiн; мамандандырылған купон аукциондары аяқталған соң купон иелерiнiң мүдделерiн қорғауды көздейтiн инвестициялық жекешелендiру қорларының қызметiн реттейтiн нормативтiк актiлер 1995 жылдың 1 қарашасына дейiн бекiтуге тапсырылсын. екiншi абзац төртiншi абзац болып саналсын. Мынадай мазмұндағы жаңа 4-тармақпен толықтырылсын: "4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Халық банкi купондарды қабылдау және мамандандырылған купондық аукциондарды өткiзудiң аяқталуына байланысты ұйымдастыру-техникалық шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн"; 4-тармақ 5-тармақ болып саналсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |