<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Республика ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін лизинг шартында трактормен қамтамасыз ету мақсатында өзара борыштарға есептеу жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 9 маусымдағы № 938

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Республика ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн лизинг шартында
трактормен қамтамасыз ету мақсатында өзара борыштарға есептеу
жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы
1997 жылғы 9 маусымдағы № 938

Республика ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн лизинг шартында "Павлодар" акционерлік қоғамының шығарған тракторларымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Богатырь" кенiшiнiң республикалық бюджет алдындағы заңды тұлғалардан қосылған құнға салынатын салық және табыс салығы бойынша 135 (жүз отыз бес) млн. теңге берешегiне өтеу жүргiзсiн;

аталған сома республика ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң лизинг шартында "Павлодартрактор" акционерлік қоғамының трактор беру жөніндегі шараларды ұйымдастыру үшiн Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорын қаржыландыру есебiне есептесiн.

Берешектi есептеу аталған сома 1997 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Павлодартрактор" акционерлік қоғамымен, "Богатырь" кенiшiмен және лизинг берушiлермен бiрлесiп есеп жүргiзу үшiн өзара берешектердi салыстыру актілерін ұсынуды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi