| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Жекешелендiрiлген кәсiпорындардың мемлекеттік акциялар пакеттерiнiң бiр бөлiгiн қор биржасында сату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 тамыздағы № 1154 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 28, 347-бап/ 2 қосымшасына мынадай өзгерту енгiзiлсiн: мемлекеттік акциялар пакеттерi 1995 жылы Орталық Азия қор биржасында сатылуға тиiстi акционерлік қоғамдарға айналдырылған кәсiпорындардың тiзбесiнен "Цемент" АҚ" сөздерi алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi "Цемент" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне сату үшiн, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, белгiленген тәртiппен берсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |