|
|
|
«Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының қаржы (1996.09.19. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі, Еңбек министрлігі, Қаржы министрлігінiң және олардың жергiлiктi органдарының 1995 жылғы 10 айдағы мiндеттерiн үйлестiру және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына аударымдардың азаюына, зейнетақылар мен жәрдемақылардың төленуiнiң кешiктiрiлуiне, зейнетақымен қамтамасыз ету реформасының қажеттiгiне байланысты шиеленiскен әлеуметтiк проблемаларды шешу жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі Төралқасының кеңейтiлген мәжілісiнде олардың жұмысының қорытындысын талқылаудың нәтижесiн ескерiп, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павлов, Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрi С.С.Әйiмбетов, Қазақстан Республикасының Еңбек министрi П.И.Крепак еңбекақының, зейнетақының және жәрдемақының уақтылы төленуiн қамтамасыз етпегенi үшiн ескертiлсiн. ҚР Үкіметінiң 1996.02.12. № 188 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі /Әйiмбетов С.С./: Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының органдарындағы есепке алу және заңды тұлғалар мен жеке адамдарды тiркеудi толық қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына барлық төлеушiлердiң жарналарын салғастырып тексерудi салық инспекциясының органдарымен бiрлесiп, екi апта мерзiмде жүргiзсiн: Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына берешектердiң прокуратура мен сот органдары арқылы ықтиярсыз өндiрiлiп алынуын қамтамасыз етсiн; Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдер бойынша берешектерiнiң сомасын 1996 жылдың 1 наурызына дейiн аударған төлеушiлердiң сақтық жарналарын уақтылы төлемегенi үшiн 1995 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген есiмдi есептен шығарсын; Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етудi реформалау, ерiктi зейнетақымен қамсыздандыруды құру, зейнетақы мен материалдық-тұрмыстық жеңiлдiктерi ретке келтiру жөніндегі заң актілерінiң жобаларын 1996 жылдың 1 ақпанына дейiн мерзiмде тапсырсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі /А.С.Павлов/ Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң бюджетте және Үкiметтiң шешiмдерiмен қарастырылған әлеуметтiк бағдарламаларды қаржыландыру бөлiгіндегі шағымдарды қарап, ұсыныстарын енгiзсiн. ҚР Үкіметінiң 1996.09.19. № 1149 қаулысымен 4 тармақ өзгертілді 4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi: сақтық жарналарының толық және уақтылы түсуiне бақылау жасалуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры органдары қызметкерлерiнiң санын көбейту мүмкiндiгiн қарастырсын ҚР Үкіметінiң 1997.04.01. № 447 қаулысымен 5-тармақтың күшi жойылды ҚР Үкіметінiң 1996.07.09. № 857 қаулысымен 6-тармақтың күші жойылды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |