"Рама" акционерлік қоғамының Халықаралық Қайта жаңғырту және
даму банкінің оңалту займы бойынша берешектерi туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1881
"Рама" акционерлік қоғамының Халықаралық Қайта жаңғырту және даму банкінің оңалту займы бойынша жинақталған, босалқы бөлшектер сатып алуға жұмсалған берешектерiн жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджет пен "Рама" акционерлік қоғамының арасында қарыз мiндеттемелерi сомасында соңғы Халықаралық Қайта жаңғырту және даму Банкінің оңалту займы бойынша 250 (екi жүз елу) млн. теңге мөлшерiндегi сомаға бiржолғы есептеу жүргiзсiн және аталған соманы қосымшаға сәйкес бөлудi ескере отырып, қалалық жолаушылар таситын көлiктi дамытуға облыстарды қаржыландыру есебiне есептесiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған берешектердi есептеудi 1995 жылғы бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетсiн.
3. "Рама" акционерлік қоғамы босалқы бөлшектердi облыстардың тапсырысы бойынша автобустарға босатуға мiндеттелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1995 жылғы
29 желтоқсандағы
№ 1881 қаулысына
қосымша
Қоғамдық қалалық көлiктi дамытуға
("Икарус" автобусының босалқы бөлшектерiне)
арналған қаражаттарды
Бөлу
___________________________________________________________________
Облыстар | Қаражат сомасы. млн.теңге
___________________________________________________________________
Ақтөбе | 10
Алматы | 26
Ақмола | 8
Шығыс Қазақстан | 10
Батыс Қазақстан | 10
Қарағанды | 20
Көкшетау | 1
Павлодар | 32
Жезқазған | 3
Талдықорған | 30
Оңтүстiк Қазақстан | 30
Жамбыл | 50
Алматы қаласы | 20
___________________________________________________________________
Жиыны | 250