|
|
|
"Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС-мен Шығыс Қазақстан облысы мен Әуезов поселкесінің (Шығыс Қазақстан облысы) әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыру мәселесінде келісімге қол жеткізу туралы өтінімін қарап, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті белгіленген тәртіппен "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясының Шығыс Қазақстан облысы мен Әуезов поселкесінің әлеуметтік объектілерін қаржыландыруға қатысуы жөніндегі міндеттемелерін азайту бөлігінде "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясы қол қойған 1996 жылғы 13 желтоқсандағы Сатып алу-сату шартына өзгеріс енгізсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |