|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 772 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi туралы" 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 215 Жарлығын орындау үшiн, сондай-ақ "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм нысанын кию ережесін бекiтсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары әскери қызметшiлерiн әскери киiм нысанымен және айырым белгiлерiмен жабдықтаудың нормаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс министрлiгінiң қатысуымен, белгіленген тәртiппен отандық тауар өндiрушiлердiң әскери киiм нысандары мен айырым белгiлерiн дайындауы үшiн нормативтiк құжаттамаларды әзiрлеушiнi белгiлесiн. 4. Мүдделi мемлекеттік органдар пайдаланудағы заттай мүлiк нысаналарының киiлу мерзiмдерiн ескере отырып және жыл сайын республикалық бюджетте заттай мүлiкпен қамтамасыз етуге көзделетiн қаражаттың шегінде, әскери қызметшілердің жаңа киім нысаны мен айырым белгілерін киюге көшуінің тәртібі мен мерзімдерін айқындасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |