|
|
|
Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1999 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған 2000 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектi өтеудiң тәртібі туралы ереже бекітілсiн. 2. Мынадай құрамда Кредиторлық берешектi өтеуге байланысты мәселелердi қарау жөнiнде комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын: Өтембаев Ержан Әбiлқайырұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары Бахмутова Елена Леонидовна - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджет департаментiнiң директоры Нұрпейiсов Қайрат Айтмұхамбетұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс вице-министрi Кәрiбжанов Қайрат Сәлiмұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi Константинов Анатолий Васильевич - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісім бойынша) Күлекеев Жақсыбек Әбдiрахметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика министрi Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Сейiтқұл Қайырбек Сейiтқұлұлы - Республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитетiнiң мүшесi (келісім бойынша) Тiлеубердин Алтай Абылайұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі Мыңбаев Сауат Мұхабетбайұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 337 қаулысымен бекітілген 2000 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектердi өтеудің ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2000.03.21. № 430 Қаулысымен 1-тармақ өзгерді 1. Осы Ереже мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлер алдында 2000 жылғы (осы Ереженiң 6-1-бөлiмінде көзделген міндеттемелерден басқа) 1 қаңтардағы жағдай бойынша шығыстар сметасының атқарылу балансында көрсетiлген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын мiндеттемелер бойынша өткен жылдары пайда болған кредиторлық берешектердi өтеу жөнiнде есептемелер жүргiзудiң тәртібін реттейдi. Кредиторлық берешектi өтеудi: тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлер алдында, оның ішінде 1999 жылғы мемлекеттік тапсырысты атқарушылар (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер) алдында орталық мемлекеттік органдар (республикалық бюджеттік бағдарламалардың экiмшiлерi); тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушілер (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер) алдында орталық мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер (республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi) жүзеге асыруы мүмкiн; осы Ереженiң 6-1-бөлiмiне сәйкес несие берушiлер алдында орталық мемлекеттік органдарды (мемлекеттік мекемелерді). 2. Мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешектi өтеуi шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтаманы салық органы растаған сәтiнде қалыптасқан, "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтардан және басқа да мiндеттi төлемдерден басқа, негiзгi борышты, өсiмақыны және айыппұлдарды қоса есептегенде, республикалық бюджетке төленетiн төлемдерi бойынша берешегiн өтеу есебiнен жүргiзiледi, бiрақ салық төлеушiнiң дербес шоты бойынша 2000 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген сомалардың шегiнде, өткен жылдардағыны қоса алғанда, 2000 жылғы 20 қаңтардағы (осы Ереженiң 6-1-бөлiміне сәйкес берешектi өтеуден басқа)жағдай бойынша пайда болған осындай берешектiң (бұдан әрi - республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешек) сомасынан аспауы тиiс. ҚР Үкіметінің 2000.03.21. № 430 Қаулысымен 2-тармақ өзгерді. 3. Республикалық бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеудi ресми түрде банкрот деп жарияланбаған не олар бойынша таратудың соттан тыс рәсiмiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылданбаған: мемлекеттік мекемелердiң тiкелей тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушiлерi; мемлекеттік мекемелердiң тiкелей тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушiнiң одан кейiнгi берушiлерiнiң (бұдан әрi - Берушiлер) бiрi болып табылатын шаруашылық жүргізушi субъектiлер жүзеге асыруы мүмкiн; Республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеудi, сондай-ақ осы Ереженiң 6-1 бөлiмiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн шаруашылық жүргізушi субъектiлер де жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2000.03.21. № 430 қаулысымен 3-тармақ 4-абзацпен толықтырылды 4. 1999 жылдың 1 қаңтарынан кейiн Астана қаласындағы салық органдарында тiркелген берушiлердiң кредиторлық берешегiн өтеу "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi қоспағанда, республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша жүргiзiледi. Бұл ретте берешектiң сомасын республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеу Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 1996 жылғы 9 қазандағы № 3127 Жарлығымен белгiленген нормативтер бойынша бөлмей-ақ жүзеге асырылады. 5. Қазақстан Республикасының Yкіметі өзiнiң консультативтiк-кеңесшi органы ретiнде кредиторлық берешектi өтеуге байланысты мәселелердi қарау жөнiнде комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрады. Комиссия мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлер алдындағы кредиторлық берешегiн өтеуге байланысты мәселелердi реттеу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында құрылады. Комиссия мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеудiң кезектiлiгi мен басымдылығы бойынша ұсыныстар жасауға құқылы. Комиссияның мәжілісi, егер оған Комиссияның жалпы құрамының көпшiлiгi қатысса, қабылдануы мүмкiн. Комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және егер, оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданған деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiрге құқылы, егер оны айтқан жағдайда, ол хаттамада баяндалуы тиiс. Комиссия отырысын өткізу нәтижелерi бойынша, мәжіліске қатысқан, оның мүшелерi қол қоятын хаттама жасалады. Жұмыс пен консультациялар үшiн Комиссияның белгiленген тәртiппен консультанттарды, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың қызметшiлерiн тартуға құқығы бар. Комиссияның қаралатын кредиторлық берешектi өтеудiң сызбалары туралы жиынтық ақпарат беруiн және Комиссиямен келісім бойынша оның мәжілістерінің өткiзiлу күнi мен уақытын айқындауды қамтамасыз ететiн жұмыс органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылады.
2. Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегiн тiркеудің тәртібі 6. Мемлекеттік мекеме әрбiр тiкелей берушiмен республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен орындалатын мiндеттемелер бойынша пайда болған өзiнiң кредиторлық берешектерiн салыстыру актiсiн жасайды. Ұсынылған актiлер бойынша кредиторлық берешектiң жалпы сомасы мемлекеттік мекеменiң 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылдық бухгалтерлiк есебiнде көрсетілген кредиторлық берешегiнiң сомасынан аспауы тиiс. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң осы мемлекеттік мекеменiң бюджеттік шоты ашылған жердегi аумақтық органына (бұдан әрi - қазынашылықтың аумақтық органы) бес данада кредиторлық берешекті салыстыру кесiмдерiнiң түпнұсқаларын және мемлекеттік мекеменiң басшысы растаған, бастапқы бухгалтерлiк есеп құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады. Мемлекеттік мекеменiң осы Ережеге сәйкес бастапқы бухгалтерлiк есебiнiң құжаттары: 1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 548 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарға арналған бухгалтерлiк құжаттаманың нысандары альбомының нысандары: 408-нысандағы (6 мемориалдық ордер) әртүрлi ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость; 292-а нысандағы кәртiшке немесе 292-нысанды Есеп айырысулар кiтабы; 2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінiң 1998 жылғы 23 шiлдедегi № 335 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есеп айырысуларды түгендеу кесімі болып табылады. ҚР Үкіметінің 2000.07.27. № 1134 Қаулысымен 6-тармақ өзгерді 7. Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысы салыстыру кесімдерінің деректерін жылдық бухгалтерлік баланс пен бастапқы бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырады және № 1 нысан бойынша төрт данада, қазынашылықтың аумақтық органы мен мемлекеттік мекеменің басшылары қол қоятын және тиісті мөрлермен бекітілетін, 2000 жылғы 1 қаңтарға кредиторлық берешектің бар екендігі туралы анықтама жасайды. Бұл ретте бір тікелей берушіге бір анықтама беріледі. Анықтамалар № 2 нысан бойынша нөмiрленуi, жiппен баулануы және мастикалық мөр басылуы тиiс кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтамаларды тiркеу журналында бiр нөмiрмен тiркеледi. Журналдағы парақтардың саны қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолымен расталады. Анықтаманың нөмiрi журналдағы нөмiрдiң ретi бойынша қойылады. Одан басқа, анықтамада салық органдарының анықтамалығы бойынша облыстың екi мәндi салықтық коды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетiмен құрылған, республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң анықтамалығы бойынша мемлекеттік мекеменiң жетi мәндi коды, тiкелей берушiнiң реттiк нөмiрi қойылады. Бұл кодтар арнаулы тiркеу кодын (тоғыз мәндi код/тiкелей берушiнiң реттiк нөмiрi) құрайды. ҚР Үкіметінің 2000.07.27. № 1134 Қаулысымен 7-тармақ өзгерді - 8. Салыстыру актiсi бiр данада, қоса берiлген кредиторлық берешектiң сомасын растайтын анықтаманың бiр данасы қазынашылықтың аумақтық органында қалады және әрбiр мемлекеттік мекеме бойынша арнаулы жүргiзiлген iс-қағазда сақталады. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы мемлекеттік мекемеге үш данада анықтаманы және актiлерге кредиторлық берешектiң тiркелгендiгiн растайтын қазынашылықтың мөртабанын алдын ала қойып, салыстыру актілерінiң қалған төрт данасын жiбередi.
3. Мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешектi өтеу үшін құжаттарды дайындауы және ұсынуы 9. Мемлекеттік мекеме тiкелей берушiлерден республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша олардың кредиторлық берешегi туралы ақпарат сұратады. 10. Республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi бар тiкелей берушi тiркелген жерi бойынша аумақтық салық органынан кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтама сұратады. Салық органы № 3 нысан бойынша негiзгi борышты, өсiмақыны және айыппұлдарды көрсете отырып, төлемнiң әрбiр түрi бойынша республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы: 1 - тiкелей берушiге (Берушiлерге); 2 - мемлекеттік мекемеге; 3 - қазынашылықтың аумақтық органына; 4 - республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсіне; 5 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне; 6 - салық органына алты данада анықтама дайындайды. Салық органындағы дербес шотында берешегi жоқ, бiрақ бұл ретте, оның бөлiмшелерiнiң кредиторлық берешегi бар заңды тұлға берушi болып табылса, онда кредиторлық берешектi өтеу сызбасына бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша салық органының деректерi бойынша, берешектiң жалпы сомасы көрсетiле отырып, заңды тұлға енгiзiледi. Бұл ретте, берешек тiзбесiне төленбеген төлемдерi енгiзiлген барлық бөлiмшелер тiзбеде көрсетіледi. 11. Салық органы № 4 нысан бойынша нөмiрленуi, тiгiлуi және мастикалық мөр басылуы тиiс республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтамаларды тiркеу журналын жүргiзедi. Журналдағы парақтардың саны салық органы басшысының қолы қойылып расталады. Анықтамада мiндеттi түрде мемлекеттік мекеменің атауы көрсетiле отырып, "Мемлекеттік мекеменiң кредиторлық берешектерiн өтеу үшiн" деген белгi қойылады. Егер тiкелей берушiден бiр мезгiлде бiрнеше мемлекеттік мекемелер республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектiң бар-жоғы туралы анықтама сұрататын болса, салық органы әрбiр мемлекеттік мекеме үшiн әр түрлi нөмiрлермен жеке анықтама бередi. Бұл ретте бiр тiкелей берушi бойынша көрсетiлген берешектiң жалпы сомасы оның республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнен аспауы тиiс. 12. Тiкелей берушiнiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда, сондай-ақ егер мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешегi тiкелей берушiнiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешегiнiң сомасынан асатын болса, тiкелей берушi олардың алдында өзiнiң кредиторлық берешегi бар Берушiлерден, сондай-ақ одан кейiнгi Берушiлерден олардың 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы ақпарат сұратады. Республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешегi бар Берушiлер тiкелей берушiге осы Ереженiң 10-тармағына сәйкес аумақтық салық органдарының анықтамаларын ұсынады. 13. Тiкелей берушi Берушiмен, бес данада тiкелей беруші мен Берушiнiң басшылары және бас бухгалтерлерi қол қойған, кредиторлық берешектi салыстыру актiсiн жасайды. Әрбiр салыстыру актiсi мен салық органдары анықтамаларының үш данасы мемлекеттік мекемеге жолданады. 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берушiлер арасында кредиторлық берешек болмаған жағдайда, ағымдағы жылдың басынан бастапқы кезеңде пайда болған осы берушiлер арасында кредиторлық берешектiң салыстыру актiсiн жасауға рұқсат етіледi. 14. Мемлекеттік мекеме тiкелей берушi мен Берушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарының кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтамаларында көрсетiлген сомаларды, салыстыру актілерінде көрсетiлген сомалармен және өзiнiң кредиторлық берешегiнiң сомасымен салыстырады және № 5 нысан бойынша, осы Ереженiң 4-бөлiмiне сәйкес тәртiппен төрт данада кредиторлық берешектi өтеудiң сызбасын жасайды. 15. Мемлекеттік мекеме кредиторлық берешектi өтеу сызбасының, тiкелей берушi мен оның Берушiлерiнiң арасындағы кредиторлық берешектi салыстыру актілерінiң барлық даналарын және тiкелей берушiнiң, Берушiлердің республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегінің бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамаларын бiр-бiр данадан қазынашылықтың аумақтық органына тiркеуге жолдайды. Мемлекеттік мекеме тiкелей берушiге құжаттардың алынғандығы және оның Берушiлерiнiң өтеу сызбасына енгiзiлгендiгi туралы жазбаша хабарлайды. Тiкелей берушi мемлекеттік мекеменiң жазбаша хабарлауын өзi тiркелген және өтеу сызбасына қатысушы Берушілер тiркелген жер бойынша салық органдарына жолдайды. 16. Қазынашылықтың аумақтық органы берушiлердiң кредиторлық берешегiнiң салыстыру актілеріне өзiнiң мөртабанын қояды. Қазынашылықтың аумақтық органы осы Ереженiң 28-тармағында көрсетiлген кредиторлық берешектi өтеу сызбасына қоса берiлген қажеттi құжаттардың бар-жоғын тексередi. Кредиторлық берешектi өтеу сызбасы № 6 нысан бойынша кредиторлық берешектi тiркеу журналында тiркеледi. Тiркелген кредиторлық берешектi өтеу сызбасының көшiрмесiн мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететiн қазынашылық органына есеп айырысуға қатысатын қазынашылықтың барлық аумақтық органдарына жеткiзедi. 17. Қазынашылықтың аумақтық органдары есеп айрысулар жүргiзу үшiн мынадай шоттар: 2000 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң Анықтамалығы және бюджеттік ақшаны бас және төмен тұрған бөлушiлердiң рұқсаты негiзiнде № 2, № 2-а нысанында олардың орналасқан жерi бойынша ашылатын мемлекеттік мекемелердiң бюджеттік шоттарын; кредиторлық берешектi өтеу сызбасының негiзiнде тiкелей берушi мен Берушiлердiң орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарында кредиторлық берешектi өтеу сызбасына енгiзілген тiкелей берушi мен Берушiлерге жұмсау құқығынсыз ағымдағы шоттарды пайдаланады. Ағымдағы шоттар (уақытша) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының 1997 жылғы 4 наурыздағы № 61 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Екіншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк шоттарын ашудың, жүргiзудiң және жабудың тәртібі туралы" Нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресiмделген қолдардың мiндеттi түрде ұсынылған үлгiлерiмен ашылады. Банкрот деп жарияланған не олар бойынша таратудың соттан тыс рәсiмдерi жүргiзілетiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ағымдағы шоттар ашылмайды. Ағымдағы шоттарды ашқан қазынашылықтың аумақтық органдары аталған шоттардың ашылғандығы туралы мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетiлетiн қазынашылықтың аумақтық органына хабарлайды. 18. Мемлекеттік мекеме республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне екi данада: белгiленген тәртiппен жасалған және тiркелген кредиторлық берешектi өтеу сызбасын; осы Ереженiң 28-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады. Қажет болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттік мекемеден қосымша құжаттар талап етуге құқығы бар. 19. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi ұсынылған сызбалар мен құжаттардың бар-жоғын, растығын және сәйкестiгiн тексередi, № 7 нысан бойынша кредиторлық берешектi өтеуге қатысатын мемлекеттік мекемелердiң тiзiлiмiн жасайды, бiр данада осы Ереженiң 28-тармағында көрсетiлген сызбалар мен құжаттарды қоса бередi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауына және құжаттардың көшiрмесiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігіне жолдайды. 4. Кредиторлық берешектi өтеудiң сызбаларын жасаудың тәртібі 20. Мемлекеттік мекеме республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша Берушiлердiң кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары мен Берушiлердiң кредиторлық берешегiн салыстыру актілерін алғаннан кейiн оларды өздерiнiң тiкелей берушінің алдындағы кредиторлық берешегiнiң сомасымен салыстырады және сызбаға кiргiзу үшiн берешектiң сомасын айқындайды. Сызба тiкелей берушi мен Берушiлердің республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерiнiң сомасына, бiрақ мемлекеттік мекеменiң тиiстi тiкелей берушi алдындағы кредиторлық берешегiнiң сомасынан аспайтын сомаға жасалады. 21. Сызба әрбiр тiкелей берушiге жасалады. Тiкелей берушiде республикалық бюджетке жасалатын төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмаған жағдайда сызбада есеп айыруға қатысатын барлық Берушiлер көрсетiледi. Заңды тұлғалардың бөлiмшелерiнің кредиторлық берешегiн өтеу сызбасына қатысу жағдайында, 7, 8, 9-бағандарда заңды тұлға және бөлiмшелерге берiлген салық органдарының анықтамалары бойынша республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектiң жалпы сомасы көрсетiледi, сондай-ақ берешегiнiң сомасы көрсетiле отырып, барлық бөлiмшелер жол-жолымен санамаланады. 22. № 5 нысанның 1-бағанында олар бойынша тiкелей берушінің алдында кредиторлық берешек бар экономикалық жiктеудiң ерекшелiктерi, 2-бағанында - әр ерекшелiк бойынша кредиторлық берешектiң сомасы көрсетiледi. Тiкелей берушінің республикалық бюджеттiң алдындағы берешегi 7-бағанда тiкелей берушінің атауы, орналасқан жерi және СТН-i мен 8-бағанда олар бойынша республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi бар кiрiстердің кодтары көрсетiле отырып 9-бағанда көрсетiледi. 23. Тiкелей берушiде республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмауы және оның басқа Берушiде болуы жағдайында тiкелей берушiнiң аталған Берушiнiң (2-берушiнің) алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешегi 4-бағанда көрсетiледi. 3-бағанда тiкелей берушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТН-i көрсетiледi. 24. Егер, өз кезегiнде 2-Берушінің республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi болмаса, бiрақ, өз кезегiнде, республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi бар 3-Берушiнiң алдында кредиторлық берешегi болса, 2-Берушiнiң 3-Берушiнің алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешегi 6-бағанда көрсетiледi. 5-бағанда 2-Берушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТН-i көрсетiледi. 25. Берушiлердiң саны көбейген жағдайда, республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi жоқ 2-Берушiден бастап барлық Берушiлер 6-бағанда өтеу сомалары көрсетiле отырып 5-бағанда жеке жолдарда көрсетiледi. 26. Берушiлердiң республикалық бюджеттiң алдындағы кредиторлық берешегi 7-бағанда салық төлеушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТН-i мен 8-бағанда ол бойынша республикалық бюджеттiң алдындағы кредиторлық берешегi бар кiрiстердiң кодтары көрсетiле отырып 9-бағанда көрсетiледi. 27. 2 және 9-бағандардың сомасы тең болуы тиiс және мемлекеттік мекеменiң қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркелген тiкелей берушiнiң алдындағы және соңғы Берушiнiң салық органының анықтамасында көрсетiлген республикалық бюджеттің алдындағы кредиторлық берешектерiнiң сомаларынан аспауы қажет. 28. Сызбаға мынадай құжаттар: нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiле отырып, Берушiлердiң республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары; нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiле отырып, мемлекеттік мекеменiң тiкелей берушінің алдындағы кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы қазынашылықтың аумақтық органдарының анықтамалары; нөмiрлерi, қол қойылған күндерi көрсетiле отырып және қазынашылықтың аумақтық органының мөртабанымен берушiлердiң кредиторлық берешегiнiң салыстыру актiсi қоса берiледi. 29. Кредиторлық берешектi өтеудiң сызбасына мемлекеттік мекеменiң және тiкелей берушiнің, есеп айырысуға енгізiлген басқа да Берушiлердің басшылары қол қояды, мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешектерiнiң бар-жоғы туралы анықтама тiркелген қазынашылықтың аумақтық органында тiркеледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |