|
|
|
Жекелеген тауарлар импорты кезінде қорғау шараларын енгізу туралы (ҚР Үкіметінің 2001.02.05. № 183 Қаулысымен берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
«Тауар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес және жүргізілген анықтау нәтижесін негізге ала отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты екі жыл мерзімге қорғау шаралары енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті: 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес тауарлар импорты кезінде қорғау бажын алсын; 2) "Жекелеген тауарларға уақытша қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 296 қаулысының қосымшасына сәйкес тауарлар импорты кезінде уақытша қорғау баждарының нәтижесінде алынған ақшаларын депозитпен республикалық бюджетке енгізсін. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетіне Қазақстан Республикасының осы қаулының қосымшасына сәйкес тауарларға қатысты қорғау шараларын енгізетінін хабарласын. 4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 999 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 2001.02.05. № 183 Қаулысымен Қосымша өзгерді Оларға қатысты қорғау бажы енгізілетін, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың тізбесі ____________________________________________________________________ Тауар атауы ! СЭҚ ТН ! Қорғау бажының бойынша тауар ставкасы (кедендік коды құнына %) ____________________________________________________________________ Барийдің табиғи сульфаты 251110000 20 Орамдағы жабу және қаптама материалдары 680710100 30 Гофрилендірілген табақшалар (шифер) 681110000 25 Тау-тас жыныстарын 820719900-дан 30 және жер қабаттарын бұрғылау құралдары: - диаметрі 244,5 мм бұрғы шапқылары: - диаметрі 105 мм.; 110 мм.; 125 мм.; 130 мм. болатын бұрғыұштары бөліктері* Ұңғымалық аспалы 841370210-нан 10 сорғыштар НН2Б-32-35-15, НН2Б-32-30-15, НН2Б-38-30-15, НН2Б-44-12-15, НН2Б-44-30-12, НН2Б-57-25-12, НН2Б-57-30-15, НН2Б-70-30-12, НН2Б-95-35-08* Ортадан тепкіш 841370290-нан 15 ұңғымалық электр сорғыштар ЭЦВ6-6,3-125, ЭЦВ6-10-80, ЭЦВ6-6,5-60, ЭЦВ8-16-110, ЭЦВ8-25-110, ЭЦВ8-25-125, ЭЦВ8-25-150 ЭЦВ10-63-110 БЦП-0,63-25* Сорғыш агрегаттар 841370910-нан 15 АН-2К9-М1 Х2/30, ХМ2/25, АХ40-25-125 АХ40-25-160 АХ50-32-125 АХ50-32-160 АХ50-32-200 АХ65-50-160 АХ65-40-200 АХО125-80-185/2 АХО125-80-200/2 АХ125-80-250 СМ125-80-250 СВ125-80-250 1Х-Е65-40-200 1Х-Е65-40-200б Х50-32-250 Х65-50-160 Х80-65-160 ХБ20/190 Х160/29д АХИ3/40 АХИ3/80 ХП8/18 АХВМС50-32-125 АХВМС20/31 АХП50-32-200 АХП65-50-160 ТХИ8/40* Салмағы 21 кг.-нан 842410910-дан 30 аспайтын көмірқышқылды өрт сөндіргіштер, өрт сөндіргіш зат - көміртегінің қос тотығы* Әртүрлі мақсаттағы жүк 842611000 25 көтерімділігі 3,2-ден 50 тоннаға дейінгі көпірлі электр крандары* ОМ 0,63/6-10 үлгідегі 850431900-дан 30 майлы трансформаторлары* Қуаты 2,5, 4 850432900-дан 30 және 10 кВА болатын ОМЖ үлгідегі электрлендірілген темір жол көліктеріне арналған трансформаторлар* ОМ 1,25/6-10 түріндегі 850432900-дан 30 темір жол автоблокировкалары аппаратурасын қуаттандыратын трансформаторлар* ОМП үлгідегі 850432900-дан 30 қуаты 4 және 10 кВА катодтық қорғау құрылғыларын қуаттандыратын трансформаторлар* НТМИ 6/10, НОМ-6/10 85032900-дан 30 және НОМ-10/10 үлгідегі кернеу өлшегіш трансформаторлары* ТМ үлгідегі 850433900-дан 30 қуаттылығы 25 тен 400 кВа дейінгі үш фазалы, майлы жалпы мақсаттағы трансформаторлар* Қуаты 25, 100, 850433900-дан 30 400 кВА ТМЖ үлгідегі, сондай-ақ ТМЭ түріндегі қуаты 100 кВА электрленген темір жол көліктеріне арналған трансформаторлар* ЗНОМ-35 түріндегі 850433900-дан 30 кернеу өлшегіш трансформаторлары* Жалпы мақсаттағы 850434000-дан 30 үш фазалы, майлы ТМ 630/6-10 және ТМ 1000/6-10 үлгідегі трансформаторлар* Сұйық өлшеуіштер 902820000 25 Ауыспалы тоққа 902830110 30 арналған, бір фазалы электр энергиясын өлшеуіштер ____________________________________________________________________ * Тауарлардың номенклатурасы тауар кодымен де, атауымен де белгіленеді. Техникалық өлшемдері мен белгіленген жағдайлар кезіндегі жұмысқа арналуы мынадай тиісті жазулармен расталуы тиіс: машиналар мен жабдықтар үшін - бұйымның паспортында немесе зауыттық сынақ сертификатында
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |