|
|
|
Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен күші жойылды
«Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған Арнаулы бағдарламасының шеңберiнде Көлiк және шекаралардан өту - Жобалық жұмыс тобының 3-мәжілісiнiң шешiмдерiн iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 31 наурыздағы № 481 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 шiлдедегі № 1065 қаулысымен бекітілген
Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) халықаралық тасымалдарды дамыту және шекаралардан өтудi оңайлату саласындағы халықаралық бағдарламалар бойынша (бұдан әрi - халықаралық бағдарламалар) Қазақстан Республикасы қабылдаған мiндеттемелердi орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында "Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2004 қаулысына сәйкес құрылды. 2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Комиссия шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссияның жұмыс тәртібі
4. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мүдделi ұйымдарының өкiлдерiнен құралады және оны Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 5. Комиссияның қызметiн Комиссияның мәжілістерiнде төрағалық ететін, оның жұмысын жоспарлайтын, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асыратын және Комиссия қызметiнің нәтижелерiне жауапты болатын оның төрағасы басқарады. 6. Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі орындайды. 7. Комиссияның мәжілісi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi және оған Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса құқылы деп саналады. Комиссия мәжілістерiнің бастамашысы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі болып табылады. Комиссияның шешiмдерi Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшiлiк дауысымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мүшелерiнiң дауысы тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
3. Комиссияның функциялары мен мiндеттерi
8. Комиссияның негiзгi функциялары мен мiндеттерi: 1) шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөніндегі iс-қимыл жоспарларын қарау; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына орай шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту саласындағы халықаралық шарттардың ережелерiн талдау; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасын көрсетiлген халықаралық шарттарға сәйкес келтiру үшiн ұсыныстар әзiрлеу; 4) халықаралық бағдарламалар шеңберiнде қабылданған шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөніндегi шешiмдер мен ұсынымдарды iске асыру туралы ұсыныстарды қарау және енгізу; 5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық бағдарламалар шеңберіндегі iс-қимыл жоспарларын iске асыру жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.
4. Комиссияның құқықтары 9. Комиссия: 1) халықаралық бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау жөніндегі жұмыс жоспарларын бекiтуге және түзетуге қатысты, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар шеңберiнде қабылданған шешiмдер мен ұсынымдарды орындау жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізуге; 2) белгiленген тәртiппен Комиссияның құрамын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге; 3) мүдделi мемлекеттік органдардың мамандарын Тартумен көлiк инфрақұрылымы және шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату саласында ұсыныстар әзiрлеу және енгізу үшiн жекелеген мәселелер бойынша жұмыс топтарын құруға; 4) белгiленген тәртiппен Комиссияның құзырына қатысты мәселелер бойынша заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға; 5) мәжілістерде Комиссияның мүшелерi мен мемлекеттік органдардың жауапты өкiлдерiн тыңдауға; 6) Комиссияның қарауына қатысты мәселелердi әзiрлеу үшiн ғылыми-зерттеу мекемелерiн тартуға; 7) халықаралық көлiктiк операцияларға қатысушыларды бiрiктiретiн мүдделi одақтар мен қауымдастықтарды: Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуына байланысты халықаралық және ұлттық талаптарды (рұқсат беру, кепілдiк, оқыту жүйелерiнiң жұмыс iстеуi жөніндегі) iс жүзiнде орындаудың қиындықтары; шағын және орта бизнес кәсiпорындарының шекара өткелдеріндегі проблемалары және осы кедергiлердi жою жөніндегі ұсыныстары туралы тыңдауға құқылы.
5. Комиссияның қызметiн тоқтату
10. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуына: 1) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы; 2) бұрын Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге Комиссияның құрылуы; 3) Комиссия мiндетiнің орындалуы мүмкiн болмайтын не оның орындалуы мәнсiз болатын өзге жағдайлар негіз болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |