|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 337
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 337 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 11-12, 124-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген, 2000 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектердi өтеудiң ережесiнде: 6-тармақта: үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң осы мемлекеттік мекеменiң бюджеттік шоты ашылған жердегi аумақтық органына (бұдан әрi - қазынашылықтың аумақтық органы) бес данада кредиторлық берешекті салыстыру кесiмдерiнiң түпнұсқаларын және мемлекеттік мекеменiң басшысы растаған, бастапқы бухгалтерлiк есеп құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады."; мынадай мазмұндағы екіншi абзацпен толықтырылсын: "Мемлекеттік мекеменiң осы Ережеге сәйкес бастапқы бухгалтерлiк есебiнiң құжаттары: 1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 548 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарға арналған бухгалтерлiк құжаттаманың нысандары альбомының нысандары: 408-нысандағы (6 мемориалдық ордер) әртүрлi ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость; 292-а нысандағы кәртiшке немесе 292-нысанды Есеп айырысулар кiтабы; 2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінiң 1998 жылғы 23 шiлдедегi № 335 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есеп айырысуларды түгендеу кесімі болып табылады"; 7-тармақтағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысы салыстыру кесімдерінің деректерін жылдық бухгалтерлік баланс пен бастапқы бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырады және № 1 нысан бойынша төрт данада, қазынашылықтың аумақтық органы мен мемлекеттік мекеменің басшылары қол қоятын және тиісті мөрлермен бекітілетін, 2000 жылғы 1 қаңтарға кредиторлық берешектің бар екендігі туралы анықтама жасайды. Бұл ретте бір тікелей берушіге бір анықтама беріледі."; "Кредиторлық берешектің бар екендігі туралы анықтамаларды тіркеу журналы" № 2-нысанда 3-бағандағы "(тоғыз мәндi код)" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |