|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетiн тауарларға акциздер ставкасы және құмар ойын бизнесiне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 56 -құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы: "2402** Темекi бұйымдары, құрамында темекi бар басқа да бұйымдар физ.көлемi 0,75 евро/1000 дана 2 евро/1000 дана" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "2402** Фильтрлi темекi бұйымдары физ.көлемi 145 теңге/1000 дана 2 евро/1000 дана. Фильтрсiз темекi бұйымдары, құрамында темекi бар басқа да бұйымдар физ.көлемi 95 теңге/1000 дана 2 евро/1000дана". 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |