|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: тақырыбы «қызметкерлерінің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеде: тақырыбы «қызметкерлерінің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының» деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында: «мемлекеттік мекемелердің басшылары мен басшыларының орынбасарлары» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары» деген сөздермен толықтырылсын; «бес есе» деген сөздер «жеті есе» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |