|
|
|
Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия өнеркәсібін
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия өнеркәсібін қалпына келтіру мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 мамырдағы № 649 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия өнеркәсібін қалпына келтіру мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы Астана-2001 1. Паспорты Атауы Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия өнеркәсiбін қалпына келтiру мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы Әзiрлеу туралы шешiм "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысы Негiзгi әзiрлеушiлер Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Бағдарламаның мақсаты Оларды одан әрi дамыта отырып, өнеркәсiптiң химия және мұнай-химия салаларының өндiрiстiк қызметiн қалпына келтiру, импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған өнiм шығаруға бағдарланған жаңа өндiрiстердi игеру, отандық және шетелдiк зерттеушiлердiң әзiрленiмдерi базасында инновациялық өндiрiстер құру Бағдарламаның міндеттерi Бағдарламаның міндеттерi кәсіпорындарды iске қосу үшін инвестициялауды, өнеркәсiптiң химия және мұнай-химия салалары кәсiпорындарының жұмысын тұрақтандыру үшiн мемлекеттік қолдау шараларын әзiрлеу мен жүзеге асыруды, өндiрiс көлемдерiн жобадағыға дейiн арттыру, жаңа өндiрiстердi, оның iшiнде отандық зерттеушiлердiң инновациялық әзiрленiмдерi базасына енгізу үшiн жағдай жасау және басқа да мiндеттердi көздейдi Бағдарламаны iске асыру Саланың тоқтап тұрған кәсiпорындарын іске жөніндегі негiзгi қосуға және бейiнiн өзгертуге көмектесу iс-шаралар Отандық өндiрушіге қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік қолдау көрсету Отандық шикiзатты тереңдете қайта өңдеу мен химия және мұнай-химия өнеркәсіп кәсiпорындарының салалық кооперациясы мен интеграциясы жөніндегi өндiрiстердi дамытуға көмектесу Инновациялық қызметтi дамытуға көмектесу Қаржыландыру көздері Өнеркәсіптің химия және мұнай-химия салаларындағы барлық өндірістерді дамыту акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындардың және компаниялардың өз қаражаттары немесе олар тартқан несиелер есебінен жүзеге асырылатын болады Бағдарламаның іске Бағдарламаны 2001 жылдан бастап 2002 жылдың асырылу мерзімі аяғына дейін іске асыру көзделген 2. Кіріспе Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия өнеркәсібін қалпына келтіру мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысының 3.7.4.1-тармағына сәйкес әзiрлендi. Бағдарлама саланың қызметін қалпына келтіруді және оның тұрақты жұмыс істеуі үшін жағдай жасауды, экспорттық әлеуетін арттыруды, химиялық өнімнің номенклатурасын, инвестиция көздерін сақтау, импортты алмастыратын өнім шығару жөніндегі қуаттар құруды көздейді. Химия өнімi негізгі түрлері өндірісінің құлдырауы, саладағы iрi ұйымдардың көпшiлігінiң дағдарысты жай-күйi саладағы жағдайды қалпына келтiру және тұрақтандыру жөнінде пәрмендi шаралар қабылдау қажеттігін талап етіп отыр. 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шаралар нәтижесiнде кәсіпорындардың көпшiлігінде оларды iске қосуға дайындап, яғни жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзіп, шикiзат, материалдар, жабдықтар жеткізуге келісім-шарттар жасап жатқан меншiк иелерi анықтады. Бiрқатар өндiрiстер іске қосылған, басқаларында іске қосуды жүзеге асыру ағымдағы жылдың аяғына дейін және келесi жылдың бiрiншi жартысына жоспарланып отыр. Сонымен бiрге, толыққанды өндiрiстiк қызметті қалпына келтiру үшiн мемлекеттік қолдау шараларын қоса алғанда, отандық тауар өндiрушiлердi қорғау жөнiнде шаралар қабылдануы тиiс. Мемлекеттiң химия және мұнай-химия өнеркәсiбін дамыту жөнiндегі саясатын қалыптастыру үшiн саланы дамыту проблемалары мен келешегi көрiнiс тапқан қорытындылаушы құжаттың қажеттiлiгi туындады. Осыған байланысты, осы Бағдарлама әзiрлендi. Бағдарлама әлемдiк және iшкi рыноктардың қажеттiлiктерін ескере отырып, химия және мұнай-химия өнеркәсiбi өнімін шығару және өндiру көлемiн арттыруға, сондай-ақ елдiң экономикалық тәуелсiздiгi мен ұлттық қауіпсiздігін нығайтуға бағытталған. Бұл ретте, саланың өндiрiстiк әлеуетін арттыру өндiрiстiк қуаттарды неғұрлым толық пайдалану есебінен қамтамасыз етiлетін болады. 3. Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия өнеркәсібінің қазіргі жай-күйі 3.1. Республиканың химия және мұнай-химия өнеркәсiбiнің 1990-1999 жылдардағы жай-күйі. Қазақстанның химия және мұнай-химия өнеркәсібі 50-жылдардың аяғында, 60-жылдардың басында құрылды және 70-80 жылдары дамыды. Нақ осы жылдары едәуір өндірістік әлеует жасалды. Қазіргі уақытта, 1.07.00 жағдай бойынша химия және мұнай-химия өнеркәсібінде 892-ге жуық ұйым бар, олардың 875 орта және шағын кәсіпкерлік шеңберінде құрылды (1-сурет). Тәуелсіздік алуға байланысты Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің құрылымы өзгерді: электр энергетикасы мен экспортқа бағдарланған салалардың (мұнай өндіру, кен-металлургиялық кешен, отындық) үлесі өсті және керісінше, тамақ, жеңіл, машина жасау, химия, яғни Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі - ТМД) ішкі рыногына бағдарланған салаларда өндіріс деңгейі құлдырады, оны 1-кестедегі деректер айғақтауда. 1-кесте Қазақстан өнеркәсібінің құрылымы ___________________________________________________________________________ ! 1991! 1992! 1993! 1994! 1995! 1996! 1997! 1998! 1999 _____________________!_____!_____!_____!_____!_____!_____!_____!_____!_____ Өнеркәсіп, барлығы 100 100 100 100 100 100 100 100 100 Электр энергетикасы 4,8 9,3 14,4 18,9 15,7 15,2 13,8 11 7,4 Отын өнеркәсібі, оның ішінде 7,6 19,5 15,7 21,9 23,4 26,5 27 25,5 36,7 Мұнай өндіруші 2,2 6,1 4,1 6,2 10 14,2 17,5 16,6 28,1 Мұнайды қайта өңдеуші 2 6,2 5,3 6,4 5,4 5,4 5 4,7 4,6 Газ 0,4 0,3 0,5 0,4 0,8 1 1 0,9 2,1 Көмір 3 6,9 5,8 8,9 7,2 5,8 3,5 3,3 1,9 Қара металлургия 5,8 10,7 10,5 11,9 13,6 10,7 11,9 6,3 6,7 Түсті металлургия 9,1 17 13,4 12 11,5 11,8 13,8 11,5 13,1 Машина жасау мен металл өңдеу 11,6 8,5 9,9 7,3 7,4 7,1 5,3 4,6 3,0 Химия және мұнай- химия 6,3 7,6 4 3,7 3,7 3,6 2,2 2,1 1,2 Орман және ағаш өңдеу 2,1 1,2 2,4 1 1 0,9 0,8 0,8 0,8 Құрылыс материалдарының өнеркәсібі 4,9 4 5,2 4,1 3,7 2,9 2,2 Н/д Н/д Әйнек және фарфор- фаянс 0,1 0,1 0,1 0,1 0 0 0 Н/д Н/д Жеңіл өнеркәсіп 18,5 6,4 5,8 3,8 2,5 2,4 2,1 1,9 1,7 Тамақ өнеркәсібі 22,3 9,7 11,4 9,9 13 14,6 17 18,1 15,2 ___________________________________________________________________________ *) Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері Фармацевтиканы қоса алғанда, республиканың химия және мұнай-химия өнеркәсібі Қазақстан Республикасының экономикасындағы базалық салалар бола отырып, өнеркәсіптік өндіріс құрылымында 6-шы шепте тұрды. Егер химия өнеркәсібінің 90-жылдардағы үлесі 6,3-7,6 % құраса, 1999 жылы - 1,2 % құрады. Химия өнімінің аса маңызды түрлерін өндіру көлемдерінің күрт төмендегенін 2-кестедегі және 2-18 суреттердегі деректер көрнекі түрде айғақтауда. 2-кесте Химия және мұнай-химиялық өнім өндірісі ___________________________________________________________________________ Өнімнің атауы ! Өндіріс көлемі ! ! ! ____________________!_____________________________________________________! ! 1990 ! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998 ! 1999 ! ____________________!__________!________!________!________!_______!_______! Фосфорит рудасын 10339 1953 1792 784 749 790 өндіру, мың тонна Сары фосфор, мың тонна 449 50,1 36,4 20 12,9 6,48 Фосфор қышқылы 647 53,0 27,9 14,7 8,0 10,9 Натрий триполифосфаты - 45 20 14 3,8 18,6 Фосфор тыңайтқыштары, 1211 140,2 120,1 91,0 15,7 25,5 мың тонна Азот тыңайтқыштары, 431 56,7 70,8 60,4 8,5 9,9 мың тонна Күкірт қышқылы, мың 3151 695 653 635 605 685 тонна Хром қосылыстары, мың - 48,7 62,3 85,7 94,8 103,2 тонна, оның ішінде хром ангидриді, 8,87 9,53 12,8 13,8 15,8 хром дубителі, 14,8 13,2 12,7 12,2 17,6 натрий бихроматы, 15,8 30,8 45,2 54,6 58,8 хром тотығы 9,2 8,84 15,0 14,2 11,0 Сұйық хлор ұсақ - 0,83 4,42 2,89 1,51 0,97 ыдыста, мың тонна Майға қонатындар, - 2,05 1,54 0,87 0,37 0,18 мың тонна Минералдық тұздар - 0,89 0,83 0,68 0,13 0,19 тұнбаларының ингибиторлары, мың тонна Кальций карбиді, 306,7 88,5 67,3 28,7 29,3 16,3 мың тонна Аммиак, мың тонна 470,5 59,2 91,0 69,5 6,6 - Полистирол, мың тонна 175,7 45,6 30,1 2,5 - - Трубалар, түтікшелер, 14374 566 304 69 57 38,9 жеңдер, резинадан жасалған шлангалар, мың м Жасанды смолалар және 215,8 56,7 34,1 25,7 - - пластмассалар, мың тонна Дәрі-дәрмектер, млн. тг 120,9 343,8 317,8 715,2 731,8 520,7 Резиналы шиналар, 2632,6 81,8 106,9 - 166,6 301,8 мың дана ___________________________________________________________________________ таблицаның жалғасы: ___________________________________________________________________________ Өнімнің атауы ! 1998 жылы есе азаюы !______________________________________________________ ! 1990 ! 1995 ! 1997 ! 1998 ____________________!_____________!_____________!____________!_____________ Фосфорит рудасын 13,1 2,47 0,99 0,95 өндіру, мың тонна Сары фосфор, мың тонна 69,3 7,7 3,08 1,99 Фосфор қышқылы 59,3 4,86 1,35 0,73 Натрий триполифосфаты - 2,42 0,75 0,2 Фосфор тыңайтқыштары, 47,5 5,5 3,56 0,62 мың тонна Азот тыңайтқыштары, 43,5 5,7 6,1 0,86 мың тонна Күкірт қышқылы, мың 4,6 1,01 0,93 0,88 тонна Хром қосылыстары, мың - 0,47 0,83 0,92 тонна, оның ішінде хром ангидриді, хром дубителі, натрий бихроматы, хром тотығы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |