|
|
|
Мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындары мен көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарынан астық
ҚР Yкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1185 Қаулысымен күші жойылды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру және мемлекеттік ресурстар астығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындары мен көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарынан астық тасып әкетуді жүзеге асыратын көлік ұйымдарының астықты тиеуді келісу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Үкіметінің 2001 жылғы 20 қыркүйекте № 1220 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындары мен көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарынан астық тасып әкетуді жүзеге асыратын көлік ұйымдарының астықты тиеуді келісу ережесі
Осы Ереже «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді. 1. Мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындары (бұдан әрі - астық қабылдау кәсіпорындары) және көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарынан астық тасып әкетуді жүзеге асыратын көлік ұйымдары (бұдан әрі - көлік ұйымдары) кез келген сандағы астықты тиеуді осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісуге міндетті. 2. Астықты тиеуді келісу үшін астық қабылдау кәсіпорындары мен көлік ұйымдары (меншік нысанына қарамастан) астықты сақтау орны бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық (облыстық немесе аудандық) басқармасына мынадай құжаттарды: 1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті; 2) астық қолхатын ұстаушыдағы (жөнелтушідегі) астықтың саны туралы мәліметті растайтын, астық қабылдау кәсіпорнының мөрімен және бастығының қолымен расталған астық қабылдау кәсіпорны тізілімінің үзінді көшірмесін ұсынады. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық (облыстық немесе аудандық) басқармасы: 1) өтініштерді және астық қабылдау кәсіпорны тізілімінің көшірмесін тіркейтін журналды жүргізеді; 2) өтініш түскен сәттен бастап 12 сағаттың ішінде астық қабылдау кәсіпорындарына және көлік ұйымдарына осы Ереженің 2-тармағында санамаланған құжаттар бар болған кезде астықты тиеуді келіседі. 4. Астық қабылдау кәсіпорындары және көлік ұйымдары көрсетілген Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен белгіленген жауапкершілік жүктейді.
_____________________________________________________ (Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасы)
Астық қабылдау кәсіпорындары мен көлік ұйымдарының мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарынан астықты тиеуді келісуге арналған өтінімі
____________________________________________________________________ (толық атауы мен деректемелері) астық қабылдау кәсіпорны (көлік ұйымы) ағымдағы N _________ астық қолхатына сәйкес өтінімді беру сәтінде сақтауда ________ тонна астығы бар ____________________________________________________________________ (астық қолхатын ұстаушының (жөнелтушінің) атауы мен оның деректемелері) тиесілі ________ тонна санындағы астықты тиеуге келісуді сұрайды. Өтінімді беру күні мен уақыты ____________________ Астық қабылдау кәсіпорнының (көлік ұйымының) басшысы ____________ ________________________ (қолы) (аты-жөні)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |