|
|
|
Паспорттар, жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережелерiн бекіту туралы (2011.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 326 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының «Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы» 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған Заңына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Паспорттар, жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгертудiң ұсынылған Ережесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.30.06. № 736 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлiгіндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi олардың жазбаша өтiнiштерi бойынша берiлген арызының негiздiлiгiн растайтын тууы туралы куәлiк пен басқа құжаттардың негiзiнде әдiлет органдары бiр рет жасайтын болып белгiленсiн. Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді олардың жазбаша өтініштері бойынша берілген арызының негізділігін растайтын тууы туралы куәлік пен басқа құжаттардың негізінде ішкі істер органдары бір рет жасайтын болып белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес берілетiн ақтау туралы анықтамалар негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағына қуғын-сүргiн кезеңiнде күштеп қоныс аударылған Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы, жеке куәлiктерi мен азаматтық хал актiлеріндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуге ерекше түрде рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Әдiлет министрлігі қолданылып жүрген ведомстволық актiлердi осы қаулымен сәйкестендiретiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 тамыздағы № 684 қаулысымен Бекiтiлген ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) Паспорттар, жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережесi Қазақстан Республикасының «Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы» 1992 жылғы 26 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрын таңдаған ұлтын ата-анасының бiрiнiң ұлтына өзгертудiң мынандай тәртібі белгiленсiн: ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 736 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда(бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді ішкі істер органдары жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 736 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы өтінішті арызданушының тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына міндетті мынадай құжаттармен қоса береді: 1) екі фотосуреті; 2) тууы туралы куәлігі; 3) айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі. ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 736 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Ұлты туралы жазбаны өзгерту жөніндегі өтініш негізді болған жағдайда ішкі істер органы тарапынан ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортын немесе жеке куәлігін беру туралы қорытынды жасалады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді. ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Өтiнiш иесiнiң тууы туралы куәлiгiне ұлтының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi жаңа паспорт берiлгенi туралы белгi қойылады. ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 736 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Ф-1 өтiнiшiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн айырбастау себебi және соның негізiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгіндегі ұлты туралы жазба өзгертілген туу туралы куәлiктiң нөмiрi көрсетiледi. Егер бұрын Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін басқа ішкі істер органы берген болса, оған Ф-1 өтінішінде белгі қою үшін Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы хабарлама жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Азаматтық хал актiлеріндегі ұлты туралы жазбаны өзгертудi АХАТ органдары жүргiзедi. Ұлты өзгертiлген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн алғаннан кейiн некеде тұрған немесе балалары бар азамат некеге тiркелген және балалары дүниеге келген жергiлiктi жер бойынша АХАТ органдарына немесе өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАТ органдарына азаматтық халдың тиiстi актi жазбасындағы ұлты туралы мәлiметке өзгерiс енгізу және жаңа құжаттар алу үшiн өтiнiш беруге тиiс. ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 736 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Жоғарыда аталған өзгерістерді АХАЖ органдары қорытынды жасамай-ақ азаматтың өтініші, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі, ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы ішкі істер органының анықтамасы және айырбастауға жататын куәлік негізінде енгізеді. 8. АХАТ-тың аудандық, қалалық, қаладағы аудандық бөлiмдерi (бюро) өзгерістер енгiзгеннен кейiн дәл осындай өзгерістердi актiлiк жазбалардың екiншi даналарына енгізу туралы хабарлар АХАТ-тың облыстық, Алматы қалалық архивтерiне жiберiледi. ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 9. Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлiгiндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту жөніндегі даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен шешiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |