|
|
|
Республикалық Жер қойнауын қорғау және Минералдық-шикiзаттық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.02.98 ж. № 135 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Кодексiне сәйкес және Минералдық-шикiзаттық базаны дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қаржымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Пайдалы қазбаларға геологиялық барлау және геологиялық iздестiру жұмыстарына, геологиялық барлау жүргiзудi және кен бөлiгi жұмыстарын лицензиялауға шыққан шығындарды жабуға арналған төлемдер есебiнен Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзаттық базаның орнын толтыру қоры құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзаттық базаның орнын толтыру қорын республикалық бюджеттiң құрамына енгiзсiн. 3. Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзаттық базаның орнын толтыру қоры туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 6 қазандағы № 824 қаулысымен Бекiтiлген Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзаттық базаның орнын толтыру қорын құру туралы Ереже I. Жалпы ережелер 1. Ереже Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Кодексiне негiзделiп және сәйкестендiрiлiп жасалды. Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзаттық базаның орнын толтыру қоры (бұдан былай Қор) жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерделеудiң барлық түрлерiн мақсатты қаржыландыру осы зерттеулердi қамтамасыз ететiн жұмыстар мен шығындарды қаржыландыруды қоса алғанда (өндiрiстi басқару, ғылым, кадрларды оқыту, инфрақұрылымдар жасау шығындары, әлеуметтiк ортаны қамтамасыз ету және басқалар), үшiн құрылады. 2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзаттық базаның орнын толтыру қорының қаражатын жұмсау тәртібін осы Ережеге сәйкес белгiлейдi. Қор қаражатын пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргiзу Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiне жүктеледi. Тағайындалуы бойынша пайдаланылмаған Қор қаражаты бюджетке қайтарылып алынады. II. Қаржыландыру көздерi 3. Қор мыналардың есебiнен құралады: ведомстволық тиiстiлiгi мен меншiк нысандарына қарамастан минералдық шикiзатты (жер асты суларын қосқанда) өндiрумен шұғылданушы барлық шаруашылық субъектiлердiң пайдалы қазбаларға геологиялық барлау және геологиялық iздестiру жұмыстарын жүргiзуге кеткен шығындардың орнын толтыру үшiн аударылатын төлемдерден; жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзуге және кен бөлiгiне лицензиялар алу үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiткен мөлшерде Қор есебiне аударатын төлемдерiнен. 4. Төлемдердiң мөлшерiн Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Мемэкономкомитетпен және мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып әзiрлейдi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi де, төлеушiлер Қорға ай сайын жалпымемлекеттік салықтардың құрамында төлеп отырады. 5. Ставкалардың төленуiн бақылау "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бас салық инспекциясына жүктеледi. III. Қорды пайдалану 6. Қордың қаражаттары: жер қойнауын қорғауға; геологиялық-технологиялық, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк және басқа осы зерттеулердi қамтамасыз ететiн жұмыстардың кешенiн қосқандағы геологиялық зерттеулердiң барлық түрлерiне. Бұл жұмыстарға кететiн шығындар Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі белгiлеген тәртiпте бекітілген жобалар немесе тiкелей сметалық есептер арқылы анықталады; жалпымемлекеттік сипаттағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға, салалық нормативтiк база жасауға; жаңа өндiрiстер құруға, геологиялық барлау жұмыстарын жетiлдiруге бағытталған болса, жүрiп тұрған өндiрiстердi қайта құруға; геологиялық ұйымдар орналасқан поселкелер мен қалаларда құрылыс және жайластыру жұмыстарын жүргiзуге, геологиялық ұйымдардың әлеуметтiк саласын (мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, мектептердi, ауруханаларды, дүкендердi, асханаларды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарын, қосалқы ауыл шаруашылығын және басқаларды) ұстауға; Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң құзырына Үкiмет берген орта және жоғары оқу орындарын, біліктiлiгiн көтеру институтын қаржыландыруға; республикалық және аумақтық геологиялық қорларды, музейлердi ұстауға; мемлекеттік геологиялық бақылауды жүзеге асыруға; геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзушi заңды ұйымдар мен жеке адамдарды аттестациялауға; көрсетiлген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ететiн негiзгi қорлардың барлық түрлерiн (автокөлiк, жабдықтардың барлық түрлерi, компьютерлiк техника және басқалар) сатып алуға; Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі туралы Ережеде белгiленген мақсаттар мен мiндеттерге пайдаланылады. IV. Қорды жою және өзгерту 7. Қорды жоюды немесе өзгертудi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi, не оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |