|
|
|
Жоғары оқу орындарын аккредитациялау туралы ереже мен жоғары ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 665 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының "Жоғары білім туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Мына ережелер: Жоғары оқу орындарын автономияландыру туралы Ереже № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 2. Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi, 2-тармақ күшiн жойды -ҚРҮ-нiң 1996.05.07. № 573 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қыркүйектегi № 873 қаулысына № 1 қосымша Жоғары оқу орындарын аккредитациялау туралы Ереже I. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк түрiне қарамастан, мемлекеттік аккредитация жүргiзудiң (бұдан әрi аккредитация) мақсатын, принциптерiн және тәртібін айқындайды. Аккредитациялау - жоғары оқу орындары қызметiнiң түпкi нәтижесiнiң жоғары деңгейiн мемлекет пен қоғамның тануының актiсi. 2. Аккредитациялау мынадай мақсаттарды: - жоғары оқу орындарының қызметiне қосымша ұйымдастырушылық-экономикалық және әлеуметтiк-құқықтық ынталандыру енгізу арқылы мамандар даярлаудың деңгейi мен ғылыми-зерттеулердiң тиiмдiлiгiн арттыруды; - iшкi және халықаралық еңбек нарығында бәсекелестiк қабiлетi барынша мол жоғары білім алудың мүмкiндiктерi туралы азаматтарға тиянақты мағлұмат берудi; азаматтарға нақтылы бір жоғары оқу орнында халықаралық білім стандарттарына сай келетiн жоғары білім алу сапасына кепiлдiк берудi; - аккредитациядан өткен жоғары оқу орындарына мемлекетпен, қоғаммен және мамандарды қабылдап алушылармен өзара қарым-қатынаста басымдықты қамтамасыз етудi; - әлемдiк жоғары білім жүйесiне кiрiгудi; - жоғары мектептi басқару жүйесiн жетiлдiрудi, онда өзiн-өзi ұйымдастыру жүйесiн дамытуды көздейдi. 3. Аккредитациялаудың негiзгi принциптерi: Аккредитациялауда мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың тең хұқылы қатысуын көздейтiн аккредитациялау жүйесiн ұйымдастырудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты; - жариялылығы; - жоғары оқу орындарының аккредитациялау процесiне қатысу ерiктiлiгi; - біртектес жоғары оқу орындарының қызметiне байланысты аккредитация рәсiмдерi мен бағалау жөніндегі нормативтi талаптардың объективтiлiгi мен әдiстемелiк тұтастығы; - аккредитациялаудан өткен жоғары оқу орындарында жоғары білім, ғылым, техника мен мәдениет саласындағы отандық және әлемдiк тәжiрибенiң барынша озық жетiстiктерiн енгізу; - аккредитациялаудың республикалық жүйесiнiң мемлекетаралық жүйелермен өзара үйлесiмдiлiгi (баламалығы); - жоғары оқу орнына аккредитациялаудан өткен жоғары оқу орны мәртебесiн беру мерзiмiнiң шектеулiлiгi болып табылады. 4. Мемлекеттік аттестациядан өткен жоғары оқу орындары ғана аккредитациядан өту мүмкiндiгiне ие бола алады. II. Аккредитациялауды өткізу тәртібі 5. Жоғары оқу орындарына аккредитация жүргiзудi мамандар даярлауға тапсырыс берушiлердiң және басқа мүдделi құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкiлдерiмен бірлесе отырып, Білім министрлігі (бұдан былай - аккредитациялау органы) өткiзедi. 6. Жоғары оқу орындарын аккредитациялау ерiктi негiзде жүзеге асырылады. Оны өткізуге жоғары оқу орны ғылыми кеңесiнiң аккредитация органына жолдаған шешiмi негiз болып табылады. Жоғары оқу орнының өтiнiмi бойынша тұтас оқу орны немесе жеке мамандықтар ғана аккредитациялаудан өткiзiлуi мүмкiн. 7. Аккредитациялау рәсiмi ақылы негiзде жүргiзiледi. Аккредитациялауды өткізу шығындары жоғары оқу орнының қаржысы есебiнен төленедi. 8. Аккредитациялау органы: - жоғары оқу орындарын мемлекеттік аккредитациялаудың ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн, аккредитациялау мен өзiн-өзi зерделеуiнiң талаптарын, өлшемдерiн, әдiстемелерi мен құралдарын әзiрлеудi; - аккредитациялаудан өткен жоғары оқу орындарының, мамандықтардың республикалық тiзiлiмiн жүргiзудi; - жоғары оқу орындары, жеке мамандықтарды аккредитациялау мәселесi туралы деректер банкiн жасауды; - жоғары мектеп, ғылыми мекеме, жоғары білімдi басқару органдары, кәсiптiк қоғамдар мен шығармашылық одақтардың ерiктiлiк негiзiнде қатыстырылатын мүдделi кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер өкiлдерiнен сараптау комиссияларын құруды; - жоғары оқу орындарын аккредитациялау жұмысына қатыстырылатын адамдар мен сарапшыларды даярлау мен аттестациялауды; - аккредитациялау құжаттарын әзiрлеп, бекітудi жүзеге асырады. 9. Сараптау комиссиясының тiкелей жоғары оқу орнындағы жұмыс мерзiмi бір айдан аспауға тиiс. 10. Аккредитациялау барысында мамандар даярлау мен ғылыми зерттеулердiң сапасын сипаттайтын аса маңызды көрсеткiштерi, олардың халықаралық стандартқа сәйкестiгi рейтинг жүйесi арқылы бағаланады. 11. Аккредитациялау органы жоғары оқу орнының берген материалдарын талдау негiзiнде аккредитациялау сараптамасын жүргiзу туралы шешiм қабылдайды. 12. Жүргiзiлген сараптама нәтижесi бойынша сараптау комиссиясы дәлелдi қорытынды дайындап, оны Қазақстан Республикасының Білім министрлігі алқасының бекітуiне тапсырады. 13. Жоғары оқу орындары мен аккредитациялау органы арасындағы келiспеушiлiк сот арқылы шешiледi. III. Аккредитациялаудан өткен жоғары оқу орындарының құқықтары мен жеңiлдiктерi 14. Толық немесе жекелеген мамандықтары бойынша аккредитациялаудан өткен оқу орындарына 5 жыл мерзiмге мемлекеттік сертификат берiледi. Сертификатқа аккредитациялаудан өткен мамандықтардың тiзбесi енгiзiледi. Жоғары оқу орнын бiтiрушiлердiң дипломдарына Білім министрлігі белгiлеген тәртiп бойынша сертификация жөнiнде белгi қойылады. 15. Аккредитациялаудан өткен жоғары оқу орындары, мамандықтар туралы мағлұматтар арнаулы және бұқаралық мерзiмдi баспасөзде, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсушiлерге арналған анықтамалықтарда жарияланады, республикалық және шетел каталогтары мен аккредитациялаудан өткен жоғары оқу орындарының тiзiмiне енгiзiледi. 16. Аккредитациялаудан өткен жоғары оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушы құрамының жалақысына үстеме Республика Үкіметі анықтаған мөлшерде белгiленедi. 17. Аккредитациялаудан өттi деп танылған жоғары оқу орындарының ректорды өздерi сайлауға құқығы бар. 18. Аккредитациялаудан өткен жоғары оқу орнына Республика үкіметі қосымша құқықтар мен жеңiлдiктер, айрықша жағдайда автономдық мәртебе беруi мүмкiн. 19. Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарын аккредитациялаудан өткізу Министрлер Кабинетінің "Білім қызметiн лицензиялау тәртібі туралы Ереженi және Мемлекеттік немесе білім мекемелерi туралы Ереженi бекіту туралы" 1993 жылғы 13 шiлдедегi № 597 қаулысындағы мемлекеттік емес білім мекемелерi туралы Ережеде белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қыркүйектегi № 873 қаулысына № 2 қосымша Жоғары оқу орнының автономиялығы туралы Ереже 1. Бұл Ереже автономиялы мемлекеттік жоғары оқу орнының мақсаты мен мiндеттерiн, ұйымдық құрылымы мен құқығын анықтайды. 2. Өзiн-өзi басқаратын автономиялы жоғары оқу орны мәртебесiн жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың нәтижесi бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бередi. Ерекше жағдайларда автономиялы жоғары оқу орны мәртебесiн Қазақстан Республикасының Президентi беруi мүмкiн. 3. Автономиялы жоғары оқу орны өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесi мен Министрлер Кабинетінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінiң нормативтi актілерін, сонымен қатар, осы Ереженi және жоғары оқу орындарының жарғысын басшылыққа алады. 4. Автономиялы жоғары оқу орны: мамандар даярлаудың әлемдiк стандарттарына сай келетiн жоғары білім берудiң тұрақты биiк деңгейiне кепiлдiк бередi; бюджет қаржысы мен бюджеттен тыс қаржыларды тиiмдi пайдалануды жүзеге асырады; жоғары оқу орнының студенттерi мен қызметкерлерiнiң парасат пен мәдени жағынан дамуының шарттарына сай келетiн материалдық-техникалық және әлеуметтiк базаны иеленедi; республиканың білім беру жүйесiн дамытуға жәрдемдеседi; негiзгi қызметiн қамтамасыз ету үшiн заңдарға қайшы келмейтiн басқа да мiндеттердi жүзеге асырады. 5. Автономиялы жоғары оқу орнының: жоғары оқу орнының құрылымы мен штатын, шет ел ғалымдары мен мамандарын қоса алғанда, профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары мен мөлшерiн өздiгiнен анықтауға; мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын, студенттердi, стажерлердi, аспиранттар мен докторанттарды қабылдаудың жоспары мен тәртібін, сонымен қатар, оларды оқытудың мерзiмi мен нысанын анықтауға; жоғары оқу орнының негiзгi қызметiнiң барлық бағыттары бойынша шетелдiк ұйымдармен шарттар жасауға, халықаралық бағдарламаларға, симпозиумдар мен конференцияларға қатысуға; оқытушыларға доцент және профессор деген ғылыми атақ беруде соңғы сараптама жүргiзуге құқығы бар. 6. Автономиялы жоғары оқу орнының тiкелей қарамағындағы барлық негiзгi қорлар мен айналым қаражаты шаруашылық жүргiзуде түгелдей оның иелiгiне берiледi. Алдағы уақытта мұның бәрiне автономиялы жоғары оқу орнының өзi ғана иелiк етiп, пайдаланады және жұмсайды. 7. Автономиялы жоғары оқу орны: Үкiмет қаржыландыратын республикалық және халықаралық бағдарламаларға қатысуға; мамандар даярлауға, халықаралық байланысты дамытуға және республиканы өркендетудiң көкейкестi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзуге нысаналы мемлекеттік жәрдем алуға; жер учаскесiн алуға және жоғары оқу орнының құрылымдық бөлiмшелерiн ұйымдастыруда мемлекеттік өкiметтiң республикалық және жергiлiктi органдары тарапынан көмек алуға басымдық құқығымен пайдаланды. Автономиялы жоғары оқу орнына үкiмет тарапынан басқа да құқықтар мен жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн. 8. Автономиялы жоғары оқу орнын дербес нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тiкелей қаржыландырады. 9. Автономиялы жоғары оқу орны өзiнiң негiзгi қызметiнде барлық мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, басқа да республикалық мекемелермен және ұйымдармен тура байланыс жасап отырады. 10. Автономиялы жоғары оқу орны өзiнiң ректорын өзi сайлап алуға хақылы, оны Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Автономиялы жоғары оқу орны ректорының лауазымдық жалақысын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi. 11. Автономиялы жоғары оқу орны білім беру саласында атқарушы өкiметтiң орталық органы ретiнде Қазақстан Республикасының Білім министрлігі жүргiзетiн мемлекеттік аттестациядан өтiп отыруға тиiс. 12. Мамандар даярлаудың сапасы төмендеп, жоғары білім беру мемлекеттік талаптарға сай келмеген жағдайда жоғары оқу орны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмiмен өзiнiң автономиялық мәртебесiнен айырылуы мүмкiн. 13. Автономиялы оқу орнының қызметiн қоғам мүддесiмен ұштастыру үшiн, оған қаржылай көмек көрсетiп, материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн, сонымен бірге, оның интеллектуалдық әлеуетiн барынша тиiмдi пайдалану үшiн Қамқоршылар кеңесi құрылады. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн Қамқоршылар кеңесiнiң құрамына автономиялы жоғары оқу орнының проблемаларын шешуге үлкен үлес қосуға қабiлеттi ғылымның, білім беру саласы мен мәдениеттiң, шығармашылық және өзге ұйымдардың, меншiктiң түрлi нысанындағы кәсiпорындардың, қорлардың, ассоциациялардың, акционерлік қоғамдардың және басқаларының көрнектi өкiлдерi кiре алады. 14. Автономиялы жоғары оқу орнының мүддесi үшiн бақылау және қорғау функцияларын, бұларды уақтылы және толығымен орындауды, әрi оқу орнын дамыту мәселелерiн шешудi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |