|
|
|
Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайларда мемлекеттік
ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1097 Қаулысымен күші жойылды
Республика аумағындағы төтенше жағдайларда мемлекеттік басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi қаулы етедi: 1. Төтенше жағдайларда мемлекеттік басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ зiлзала ауданында авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастырып, жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының байланыс пен ақпарат беретiн мемлекеттік жүйелерi мен ведомстволық желiлерi басым түрде пайдаланылсын. 2. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайлар болғанда байланыспен қамтамасыз ету тәртібі туралы осыған қосылған ереже бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі, Азаматтық қорғаныс штабы, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi ведомстволық байланыс пен ақпарат беру жүйелерi бар республиканың министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесе отырып, төтенше жағдайларда байланысты ұйымдастыру жөніндегі шараларды белгiлеп, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн. 4. Құпия. 5. Құпия. 6. Құпия. 7. Құпия. 8. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы осы қаулының орындалу барысын бақылауды, осы мәселе жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жыл сайын ақпар берiп отыруды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 қазандағы № 981 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайларда байланыспен қамтамасыз ету тәртібі туралы ЕРЕЖЕ 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссияларының* лауазымды адамдарына, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн құрылған жедел топтарға (штабтарға) төтенше жағдайларда осы комиссиялардың құзыретiне жататын ақпаратпен алмасу үшiн жоғары әзiрлiк режимi мен күнделiктi қызметте мемлекеттік байланыс жүйесi бойынша, оның iшiнде запастағы басқару пункттерiнiң байланыс тораптарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігі мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жүйесi мен құралдарын қоса алғанда, министрлiктер мен ведомстволардың жүйелерi бойынша телефон байланысы мен құжаттық (ашық және жабық құжаттар) байланыс орнатудың жалпы тәртібін белгiлейдi. Бұдан әрi тексте - төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар. Қалааралық және қалалық үкiмет байланысы, шифрлы құжаттама байланысы осы байланыс түрлерi үшiн белгiленген тәртiппен қамтамасыз етiледi. 2. Азаматтық қорғаныс штабтары төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар мен жедел топтардың (штабтардың) байланысын жоспарлап, оны қамтамасыз ету iсiн ұйымдастыру үшiн республиканың Байланыс министрлігімен бiрлесе отырып республикада (облыста, қалада, ауданда) төтенше жағдайлар туған кезде байланысты ұйымдастырудың тиiстi схемаларын әзiрлеп, келiседi және белгiленген тәртiппен бекiтедi. 3. Төтенше жағдайлардың болу қаупi туған кездегi немесе олар пайда болған кездегi күнделiктi жұмыста төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың төрағалары мен басқа да лауазымды адамдарға төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың төрағалары бекiткен тiзiмдер бойынша азаматтық қорғаныстың байланыс тораптарында ұйымдастырылған, жұмыс iстеп тұрған телефон және телеграф байланысын пайдалану құқы берiледi де, олар осы тораптардағы байланыс станцияларының абоненттерi болады. 4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының төрағасы мен оның орынбасарларына мемлекеттік және ведомстволық желiлер бойынша байланыс, оның iшiнде халықаралық байланыс басымдылық ретпен берiледi. II. Мемлекеттік байланыс жүйесiн пайдалану 5. Қазақстан Республикасы Байланыс министрлігінiң байланыс кәсiпорындары төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың лауазымды адамдарына, сондай-ақ жедел топтарға (штабтарға) жұмыс iстеп тұрған мемлекеттік желi құралдары бойынша қалааралық телефон және телеграф байланысының, ал қажет болған кезде радио байланысының берiлуiн қамтамасыз етедi. Мемлекеттік жүйе учаскелерi бүлiнiп қалған жағдайда республиканың Байланыс министрлігі қолда бар және бөлiнетiн күштер мен құралдар арқылы ол желiнi қысқа мерзiм iшiнде қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолданады. 6. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың лауазымды адамдарына күнделiктi қызметiнде "ешбiр кезексiз" және "мемлекеттік" деген шұғылдық санатымен қалааралық телефонмен сөйлестiру абоненттiң аты-жөнi, сөйлесетiн телефонының нөмiрi көрсетiлiп қалааралық телефон станциясының коммутаторы арқылы кез-келген телефоннан тапсырыс беруi бойынша белгiленген тәртiппен (тiзiм бойынша) жүзеге асырылады. 7. Республика Байланыс министрлігінiң байланыс кәсiпорындары төтенше жағдайлар болған аудандардан төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың лауазымды адамдары мен жедел топтарына (штабтарына) "зiлзала" деген пароль бойынша "ешбiр кезексiз" деген санат бойынша сөйлесуден кейiн басқа шұғылдық санаттар бойынша сөйлесiп жатқандардың сөздерiн дереу үзiп жiберiп, қалааралық телефонмен сөйлесу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. "Зiлзала" деген пароль бойынша қалааралық телефон байланысын пайдалану құқы тиiстi куәлiктер көрсетiлген ретте кез-келген елдi мекендердегi республика Байланыс министрлігінiң кәсiпорындары мен ұйымдарының телефондарынан сөйлесу үшiн берiледi. 8. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың лауазымды адамдары мен жедел топтарынан (штабтарынан) жоғары әзiрлiк режимi немесе төтенше жағдайлар кезiнде берiлетiн құжаттама хабарларын беру үшiн республика Байланыс министрлігінiң байланыс кәсiпорындары ол комиссияларға телеграммаларды "Дауыл" деген белгiмен беруге құқық бередi, оларды өңдеу, беру және жеткiзу бөгелiссiз жүзеге асырылады. 9. Қажеттiлiгi және техникалық мүмкiндiгi болғанда республика Байланыс министрлігінiң байланыс кәсiпорындарын жедел байланыс топтарының өтiнiмдерi бойынша төтенше жағдайлардағы аудандардан мемлекеттік жүйенiң тiкелей каналдарын (бұл байланыс каналдарын жалға алу құны төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға бөлiнген қаржылар есебiнен төленедi) бөлiп бередi. III. Ведомстволық байланыс жүйелерiн пайдалану 10. Төтенше жағдайлар болған кезде зiлзала ауданында жұмыс iстеп тұрған ведомстволық байланыс жүйелерi бар республиканың министрлiктерi мен ведомстволары төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың лауазымды адамдары мен жедел топтарына (штабтарына) төтенше жағдайларда байланыс ұйымдастыру схемасына сәйкес ведомстволық байланыс жүйесi бойынша телефонмен сөйлесуге мүмкiндiк бередi. 11. Жоғары әзiрлiк режимi мен төтенше жағдайлар кезiнде қалааралық ведомстволық байланыс бойынша "зiлзала" паролiмен сөйлесу: байланыс каналдары бос болғанда - хабарлауға арналған сөйлесуден кейiн парольдер бойынша кiдiрiссiз берiледi; байланыс каналдары бос болмағанда - сөйлесiп жатқандардың сөздерi бiткеннен кейiн берiледi. Күнделiктi жұмыс кезiнде қалааралық ведомстволық телефон байланысы бойынша сөйлесу жалпы негiзде берiледi. Қалааралық ведомстволық телефон станцияларымен байланыс соған бөлiнген телефон абоненттерiнен қалалық (селолық) телефон жүйесiнiң қосу желiлерi бойынша жүзеге асырылады. 12. Төтенше жағдайлар болған аудандарда төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың лауазымды адамдары мен жедел топтарына (штабтарына) қалааралық ведомстволық телефон байланысы бойынша сөйлесу: абоненттер тиiстi куәлiктерiн көрсетiсiмен ведомстволардың қарауындағы ұйымдардың, кәсiпорындар мен объектiлердiң кез келген телефондарынан; жедел топтардың (штабтардың) даладағы байланыс тораптарынан жергiлiктi ведомстволық телефон станцияларына қосылатын жалғастыру желiлерi бойынша берiледi. Ескерту. Даладағы байланыс тораптарына қосылатын қалааралық телефон байланыстарының каналдары бойынша өзiндiк нұсқадағы ақпарат (байланыс каналдарына қосымша талаптар қоймастан) беруге рұқсат етiледi. 13. Жоғары әзiрлiк режимi немесе төтенше жағдайлар кезiнде министрлiктер мен ведомстволардың ведомстволық байланыс бөлiмшелерi төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың лауазымды адамдары мен жедел топтарынан (штабтардан) "Дауыл" деген белгi соғылған телеграммалардың қабылдануын қамтамасыз етедi. IV. Қорғаныс министрлігінiң байланыс жүйесi мен әскерлерiн пайдалану 14. Төтенше жағдайларда мемлекеттік және ведомстволық жүйелер бойынша ақпарат беру мүмкiн болмағанда зiлзала ауданынан және сол ауданда байланыс орнату үшiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң байланыс әскерлерi пайдаланылуы мүмкiн. 15. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Бас штабы Бастығының өкімі бойынша төтенше жағдайларда Қорғаныс министрлігінiң байланыс әскерлерi пайдаланылады. 16. Зiлзала ауданынан және сол аудандағы байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Азаматтық қорғаныс штабының, Байланыс министрлігінiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң өкiлдерiнен құрылатын байланыс жөніндегі жедел топ ұйымдастырады. Жедел топқа Қорғаныс министрлігінiң өкiлi жалпы басшылық етедi. 17. Республиканың Азаматтық қорғаныс штабы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысып жүрген мемлекеттік және жергiлiктi басқару органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Бас штабы мен әскери бөлiмдерiнiң, Азаматтық қорғаныс штабтары мен әскер бөлiмдерiнiң өзара iс-қимылдары үшiн телефон мен телеграф байланысын ұйымдастырып, қамтамасыз етедi. 18. Зiлзала ауданынан үкiмет байланысын жедел қамтамасыз ету үшiн аумақтық органдардың және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi әскери бөлiмдерiнiң ұтқыр құралдары пайдаланыла алады. V. Байланыс қызметiне ақы төлеу тәртібі 19. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың лауазымды адамдарының және жедел топтарының (штабтарының) мемлекеттік және ведомстволық байланыс жүйелерiн пайдаланып, қалааралық телефонмен сөйлескенiнде және құжаттамалық байланыс хабарларын бергенiнде және басқа да байланыс қызметi көрсетiлгенде оларға ақы белгiленген тәртiппен төленедi, бұл ретте: - күнделiктi қызмет кезiнде қалааралық телефонмен сөйлескенде ақы мемлекеттік және мемлекеттік басқару органдарының шығындар сметасында көзделген бюджет қаражаты есебiнен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы үшiн - Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының сметасынан төленедi; - "Зiлзала" паролi бойынша қалааралық телефонмен сөйлесуге және "Дауыл" белгiсi қойылған телеграммаларды беруге ақы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға бөлiнген қаражат есебiнен төленедi. 20. ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 21. Осы Ережеде белгiленген тәртiп мемлекеттік (үкiмет) комиссиялардың басшыларын, республика министрлiктерiнiң, ведомстволарының, облыстық, қалалық және аудандық әкiмшiлiктерiнiң басшыларын төтенше жағдайлар болған аудандарда байланыспен қамтамасыз ету кезiнде де қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |