|
|
|
Республикалық заң әдебиетI баспасы мен апталық заң газетін құру "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1228 Жарлығын орындау үшiн, заңдар мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердi, анықтамалық-заңдық материалдарын ресми түрде жариялау, оқулық заң әдебиетiн, кодекстердi, заңдар жинақтарын басып шығару, заң практикасы тәжiрибесiн тарату мен халықтың ол жөніндегі білімiн арттыра беру, сондай-ақ құқықтық тақырып бойынша көркем әдебиет шығару мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі мен Әдiлет министрлігінiң 1994 жылғы қаңтардан бастап акционерлік қоғам нысанында республикалық заң әдебиетi баспасы мен апталық заң газетiн құру туралы ұсынысы қабылдансын. ҚР Үкіметінiң 1998.12.29. № 1348 қаулысымен 2-9 тармақтардың күшi жойылды 2-9 Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |