|
|
|
Судың мемлекеттік есебi және оны пайдалану тәртібі жөніндегі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 85 қаулысымен осы қаулының күші жойылды "Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Судың мемлекеттік есебi және оны пайдалану тәртібі жөніндегі қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 15 ақпандағы № 160 қаулысымен Бекiтiлген Судың мемлекеттік есебi және оны пайдалану тәртібі жөніндегі ЕРЕЖЕ ЕСКЕРТУ. Ереженiң мәтiнiне өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен. 1. Осы Ереже судың мемлекеттік есебi мен пайдалануды жүргiзу тәртібін белгiлейдi және олардың қай ведомствоға жататынына, меншiк нысанына қарамастан, барлық министрлiктерге, ведомстволарға, кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге, азаматтарға мiндеттi болып табылады. 2. Судың мемлекеттік есебi мен оны пайдаланудың негiзгi мiндетi - халық мұқтажы, экономика салалары мен қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау үшiн пайдаланылатын судың сапасы мен мөлшерiн анықтау болып табылады. 3. Қазақстан Республикасының бiрыңғай су қорын құрайтын барлық сулар (су объектiлерi), сондай-ақ ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, өнеркәсiп, құрылыс, көлiк, ауыл шаруашылық және басқа да кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, жеке азаматтар пайдаланатын сулар мемлекеттік есепке алынады. 4. Судың мемлекеттік есебi және оны пайдалануды Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитет, жер бетi суы бойынша - Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқарма, жер асты суы бойынша - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі жүзеге асырады. 5. Қазақстан Республикасының Гидрометеорология бас басқармасы судың мемлекеттік есебi және оны пайдалану саласында: а) жер бетіндегі су ресурстарын мемлекеттік есепке алу мен олардың режимi мен сапасын бақылауды қамтамасыз етедi. Жер бетіндегі сулардың мемлекеттік есебi Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасының және басқа да министрлiктер мен ведомстволар жүйесiнiң гидрометеорология орталықтары, станциялары мен постарының мемлекеттік желiлерi арқылы басқа да ақпарат алу құралдары мен әдiстерiн тарта отырып (жасанды Жер серiгi, авиация, экспедиция және су объектiлерiн зерттейтiн басқа да әдiстер), Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы белгiлеген үлгiде, тәртiпте және мерзiмде жүзеге асырылады; б) судың мемлекеттік есебiнiң материалдары негiзiнде мүдделi кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi белгiленген тәртiппен су объектiлерi (жер асты суларынан басқа) және олардың гидрологиялық режимi жөніндегі деректермен, сондай-ақ кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi жобалау, салу және пайдалану үшiн қажеттi гидрологиялық болжаулармен қамтамасыз етедi; в) физикалық, химиялық және гидробиологиялық көрсеткiштерi бойынша мемлекеттік қызметтi ұйымдастырады және судың ластану деңгейiне бақылау мен тексерудi (жер асты суынан басқа) қамтамасыз етедi және мүдделi кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi су объектiлерiнiң (жер асты суларынан басқа) ластану деңгейi және оның шаруашылық қызмет пен гидрометеорологиялық жағдайлардың әсерiмен өзгеру мүмкiндiгi туралы, сондай-ақ жер бетi суларының ластану деңгейiнiң күрт өзгерулерi туралы жүйелi әрi жедел ақпаратпен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi. 6. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі судың мемлекеттік есебi және оны пайдалану саласында: жер қойнауын гидрогеологиялық зерттеу материалдарының негiзiнде жер асты суларының ресурстары мен пайдалану қорларын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың статистикалық есептерiнiң негiзiнде жер қойнауынан алынатын жер асты суларының көлемiн (бiрге шығатынын қосқанда) есепке алуды; жер қойнауын пайдаланушылардың есептерiнiң негiзiнде жер қойнауына, сулы қабаттарды қосқанда, төгiлетiн ағын және басқа сулардың, сондай-ақ ластағыш заттардың мөлшерiн есепке алуды; жер асты суларын алуды немесе ағын және басқа суларды жер қойнауына төгудi жүзеге асыратын барлық жер қойнауын пайдаланушыларды, сондай-ақ "Жер асты сулары" тарауы бойынша мемлекеттік су кадастрына енгiзiлген су объектiлерiн тiркеудi және есепке алуды; мемлекеттік меншiктер және жеке меншiктегi (жекешелендiрiлген) бақылау пункттерi торабын қамтитын жер асты суларының мемлекеттік мониторингiн жүргiзу шеңберiнде жер асты суларының режимi мен сапасына бақылауды; су ресурстары бас басқармасы органдарының (Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитет) келісімi бойынша жүзеге асырылатын арнайы су пайдалануға, пайдалану және су соратын құбырлар мен құдықтарды бұрғылауға, сондай-ақ жер асты суларының жай-күйiне ықпал ететiн жер асты құрылыстарын салу орны мен оның жобасын келiсуге заңда белгiленген тәртiппен рұқсат беру мен жоюды; жер қойнауы суларын пайдаланушы ұйымдардың меншiктi (жекешелендiрiлген) бақылау пункттерi торабында атқарылған жер асты суларының режимi мен сапасын зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргiзуiн тексерудi; алынатын жер асты суларының, сондай-ақ жер қойнауына төгiлетiн сулардың көлемiн алғашқы есепке алудың дұрыстығын тексерудi; жер асты суларын мемлекеттік есепке алудың және оны пайдаланудың автоматтандырылған мәлiметтер қорын жетiлдiру мен тиiмдi пайдалану жөніндегі жұмыстарды; Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң нұсқаулары мен әдiстемелiк тапсырмаларында белгiленген жер асты сулары мен оларды пайдаланудың үлгiлерi мен мерзiмiне байланысты мемлекеттік есепке алу материалдарын пысықтауды; жер асты сулары мен оларды пайдаланудың мемлекеттік есебiне қатысты нұсқауларды, әдiстемелiк тапсырмаларды және басқа нормативтi құжаттарды әзiрлеудi; жер асты сулары мен олардың пайдаланудың мемлекеттік есебiн жүргiзудегi жалпы принциптердi әзiрлеудi; мемлекеттік органдармен ведомствоаралық хабарлар алмасуды; Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетке белгiленген тәртiппен жер асты сулары мен оларды пайдалану есебi жөніндегі жиынтық мәлiметтердi берудi жүзеге асырады. 7. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитет судың мемлекеттік есебi және оны пайдалану саласында: а) суды пайдаланатын кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелерде су объектiлерiнен алынатын және соған құйылатын сулардың алғашқы есебiнiң дұрыстығына, суды пайдалану, қайта құю есебiне арналған жабдықтар мен аппараттардың мемлекеттік аттестациялануының белгiленген мерзiмiн сақтауға бақылауды қамтамасыз етедi; б) суды пайдаланушылардың есеп беруi негiзiнде пайдаланатын суды есепке алуды жүзеге асырады; в) суды пайдаланудың есебi жөніндегі қорытындыланған мәлiметтердi (тiкелей су объектiлерiнен алынған су көлемi, сондай-ақ оларға қайта құйылған сулардың көлемi мен құрамы) Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасына, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігіне және оларға бағынысты органдарға заңда белгiленген тәртiппен табыс етудi қамтамасыз етедi; г) суды пайдалануды тiркеудi жүзеге асырады. 8. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасымен бiрлесе отырып, судың есебi мен пайдалану туралы статистикалық есеп берудiң үлгiлерiн әзiрлеп, тапсыру мерзiмi мен тәртібін, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқауларды белгiлейдi және Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiне бекітуге ұсынады. 9. Суды пайдаланушы, меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, сондай-ақ азаматтар: а) Қазақстан Республикасының жанындағы Су ресурстары жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасымен ("Жер бетіндегі сулар" тарауы) және Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігімен ("Жер асты сулары" тарауы) келісім бойынша белгiленген тәртiпте және мерзiмде су объектiлерiнен алынатын және соған қайта құйылатын сулардың алғашқы есебiн жүргiзедi; б) судың шығыны мен деңгейiн өлшейтiн құралдармен су алатын және қайта құятын құрылыстарды жабдықтайды, сондай-ақ суы өздiгiнен шығатын скважиналарға реттегiш қондырғыларды орнатады. Аталған жабдықтар жоқ болған жағдайда кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер және басқа да суды пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетi, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі жүйесiнiң жергiлiктi органдарынан суды пайдалануға уақытша рұқсатты рәсiмдеуi тиiс және бақылау-өлшеу құралдарын қондырғанға дейiн, алынатын және қайта құйылатын судың мөлшерiн есепке алуды технологиялық жабдықтардың белгiленген көрсеткiштерi бойынша және басқа да мүмкiн болатын өлшеу әдiстерiн қолдана отырып, жүргiзедi; в) өз лабораториясында немесе мемлекеттік аттестациясы бар басқа да кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер лабораторияларында қайта құрылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етедi; г) Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi бекiтетiн үлгiлер бойынша және нұсқауларға сәйкес, су пайдаланғаны жөнiнде есеп тапсырады; д) Қазақстан Республикасының Гидрометеорология бас басқармасының Қазақстан Республикасының жанындағы Су ресурстары жөніндегі комитеттiң Денсаулық сақтау министрлігінiң, Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң (жер асты сулары бойынша) және Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігінiң жергiлiктi органдарына апат салдарынан ластағыш заттардың тасталуы, сондай-ақ су объектiлерiнен су алу мен оған қайта құюдың белгiленген режимiнiң бұзылуы туралы шұғыл хабарлар бередi. 10. Суды пайдалануға байланысты объектiлердi жобалау және салу барысында министрлiктер, ведомстволар және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi, қажет болған жағдайда, уақытша ведомстволық гидрометеорологиялық станциялар мен постыларды, сондай-ақ режимдiк бақылау пункттерiн ұйымдастырады. Аталған станциялар мен постыларды, режимдiк бақылау пункттерiн ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасының, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң жергiлiктi органдарының келісімi бойынша жүзеге асырылады, ал мүдделi ұйымдарға бақылау жүргiзу және материалдарды беру аталған бас басқарма мен министрлiк белгiлеген үлгi, тәртiп пен мерзiм бойынша жүргiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |