Заң күші бар Қазақстан Республикасының кейбір заң актілері мен "Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының шығарылуына байланысты қаулы етемін: I. Мына Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарына өзгерту мен толықтырулар енгізілсін: 1. "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы" 1991 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1991 ж., № 51, 624-құжат) мынадай мазмұндағы 2-1 баппен толықтырылсын: "2-1-бап. Заңның арнайы экономикалық аймақ аумағында қолданылу ерекшеліктері Осы Заң арнайы экономикалық аймақта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады". 2. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 516-құжат) мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: "Осы Заң арнайы экономикалық аймақта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады". Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|